Атырау, 20 сәуір 19:10
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Алматыда мас жүргізуші блокбекетке соғылып, екі полицей қаза тапты

2 843 просмотра

Алматыда мас жүргізуші блокбекетті соғып өтіп, салдарынан екі полицей қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке қарай үшып кеткен. Салонда екі полицей болған.

Өкінішке қарай, екі полицейдің де қаза тапқаны белгілі болды.

Бастапқыда 42 жастағы аға лейтенант Жалғас Жанғазиевтің оқиға орнында қаза тапқаны хабарланса, бірнеше сағаттан соң екінші полицей, полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды. Ол ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген еді.


Жалғас Жанғазиев

"Полиция сержанты Әбдіқанов Дастан Маратжанұлы 1994 жылы дүниеге келген, Алматы тумасы. Ішкі істер органдарында 2016 жылдан бері жұмыс істеген. Үйленген, бір айлық қызы артында қалды. Қалалық полиция департаменті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Дастан Әбдіқанов

Полицейлердің мәліметінше, мас жүргізуші қамауға алынды. Осы жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

25 мамыр 2020, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.