Елге сырттан келгендер 2 тәулікке карантинге жатқызылады. Осы уақыт ішінде оларға коронавирустың белгілерін анықтайтын зертханалық тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Егер ауру белгісі бар болса провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады. Бұл да елдің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында жазылған талап. Алайда ресми делегация өкілдері мен консулдық мекемелердің және халықаралық ұйым өкілдерінің қызметкерлері бұл талаптан босатылған.
Ал бес күн ішінде COVID-19 жоқтығын растайтын анықтаманы алып, Қазақстанға келгендер 14 күн бойы өз үйінде оқшаулануы тиіс. Ондай мүмкіндігі болмаса карантиндік стационарға жатқызылады.