25 мамырдан бастап жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдері үшін ашық алаңдарда жәрмеңке өткізуге, дәмхана, мейрамхана, кофехана, асхана, бар (кальян барлардан басқа) жұмыстарына бір мезгілде қабылдау 30 адамнан артық емес жағдайда қызмет көрсетуге рұқсат берілді.
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, 25 мамырдан бастап төмендегі кәсіпкерлік ұйымдар мен кәсіпорындарға карантиндік талаптарды сақтай отырып, жұмыс жасауға рұқсат етілді:
1) туристік агенттіктерге;
2) автосөрелер мен сатушы, сатып алушылар арасында арақашықтықты сақтай отырып, жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдері үшін ашық алаңдарда жәрмеңке өткізуге 9:00-17:00 жұмыс уақыты аралығында рұқсат беріледі;
3) сағат 09;00-22:00 аралығында гипермаркет, супермаркет, азық-түлік дүкендері, дәріхана, бірінші қажеттіліктегі тауарлар саудасы нысандарының жұмысына;
4) дәмхана, мейрамхана, кофехана, асхана, бар (кальян барлардан басқа) жұмыстарына бір мезгілде қабылдау 30 адамнан артық емес (ашық алаңдарда 50 адамнан артық емес) жағдайда және 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір үстелде 4 адамнан артық емес отырғыза отырып (отбасы мүшелерінен басқа), сағат 09:00-22:00 жұмыс режимі аралығында қызмет көрсетуге рұқсат беріледі.
Кңіл көтеру нысандарының қызметінсіз, саябақ, алаң, шағын бақтарға, жағалауларға 3 адамнан артық емес топпен немесе бір отбасы мүшелерімен баруға рұқсат етіледі;
Атыраудағы қоғамдық көліктер жұмысы сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін толықтай қалпына келтіріледі.
Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын, оның ішінде үйде өткізуге;
діни орындардың қызметіне салынған тыйым бұрынғыша сақталады;
ҚР Үкіметі жанындағы Ведомствоаралық комиссиямен келісілген рейстерді қоспағанда, теміржол және автобекеттер мен Атырау халықаралық әуежайының жұмысы тоқтатылды.