Швецияның Tele2 телекоммуникация компаниясы ел аумағында коммерциялық 5G желісінің іске қосылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды LIFE порталы.
"Бүгін маңызды күн. Tele2 Стокгольм, Гетеборг, Мальме қалаларында 5G желісінің алғашқы желісін орнатады. Мен мұны мақтан тұтамын. 5G желісі Швецияда алғаш рет іске қосылғалы отыр", - деді компаниясы басшысы Андерс Нильссон.
Дереккөз мәліметінше, жаңа технологияның ақпаратты тарату жылдамдығы - 1 Гб /с. Яғни ол 4G-ге қарағанда төрт есе жылдам. Алайда жаңа желіні барлығы бірдей пайдалана алмайды. Ол үшін сіздің ұялы телефоныңызда 5G желісі болуы шарт. Алайда олардың саны айтарлықтай көп емес.
Биыл бірнеше ұялы байланыс операторлары Швецияда жаңа технологияны енгізуді жоспарлап отыр. 25 мамырда Telia мен Ericsson компаниялары 5G желісін іске қосқысы келеді.
Дереккөз: Tengrinews.kz