25 мамырдан бастап ашық алаңдарда ауылшаруашылық жәрмеңкелері жұмыс істей бастайды. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат ЖАНҒЫЛЫШОВ мәлімдеді.
Оның айтуынша, әкімдікке қала тұрғындарынан базарларды ашу жөнінде көп өтініш түсіп жатыр екен, бірақ өңіріміздегі эпидемиологиялық жағдай әзірге бұған мүмкіндік бермейді. Ал таңертеңгі сағат 9-дан кешкі 17-ге дейін жәрмеңкелерді ашуға болады. Олардың орналасатын жері кейінірек жарияланады. Супермаркеттер мен гипермаркеттерге таңертеңгі сағат 9-дан кешкі сағат 22-ге дейін жұмыс істеуге мүмкіндік берілді (бұдан бұрын олар сағат 20.00-ге дейін ашылды).
Зульфия ИСКАЛИЕВА