
Кеше, 24 сәуір күні сағат 18:00 шамасында Атырау-Дамба тас жолының бойында жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Yutong қоғамдық көлігінің 1964 ж.т. жүргізушісі 2018 ж.т. баланы қағып кеткен.
Бала жедел жәрдем көмегімен Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп, оқиға бойынша тиісті материалдар жинауда.
Полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салды.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -10