Алматы мен астанаға ұшатын бүгінгі әуе рейстерінің уақыты өзгерді, одан кейінгі рейстердің болатын-болмайтыны әлі белгісіз

1 047 рет қаралды

Атырауда карантин мерзімінің ұзаруына байланысты ауежай жұмысы әзірше тоқтап тұр. Бұл туралы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі және сапасын бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ онлайн өткен брифингте хабарлады. Оған дейін, 22 мамырда, 25 мамырдан бастап Атырау мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Орал, Ақтөбе және Шымкент аралық әуе қатынасы қайта жанданатыны туралы хабарланған еді.

Бірақ келесі күні-ақ Qazaq Air әуе компанияcының баспасөз қызметі аймақта «соңғы кездері COVID-19 инфекциясының кең таралуына байланысты» Атырау, Ақтау және Орал аралығындағы бағыт бойынша әуе рейстері әзірге шықпайтынын хабарлады.

Енді билет алып қойғандар қайтпек? Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент бағытына ұшатын рейстерін не қылады?

-Бұл мәселенің шешілуі мемлекеттік комиссия еншісінде, - деді А.Жұмағалиев.

Кейін «АЖ» 25 мамырдан бастап Атырау-Алматы  және Атырау- Нұр-Сұлтан бағытына (аптасына 7 рейс) ұшатын рейстерді жандандыруды жоспарлаған «Эйр Астана» әуе компаниясымен байланысқа шықты.

-Атырауда карантин мерзімінің ұзартылуына байланысты ұшақ рейстерінің уақытына өзгеріс енгізілді. 25 мамырдағы таңертеңгі рейстер кешкі уақытқа ауыстырылды: Нұр-Сұлтан – Атырау  сағат 20:20-ға (Нұрсұлтан уақытымен) және Атырау – Нұр-Сұлтан сағат 22.50 (жергілікті уақыт), Алматы – Атырау сағат 18.00-ге (Алматы уақыты бойынша) және  Атырау – Алматы сағат 20.50-ге (жергілікті уақыт бойынша) ауыстырылды.

Одан кейінгі рейстердің жағдайы қалай болатынын қазір айта алмаймын. Біздің компанияның сайтында ақпарат жарияланады, - дейді әуе компаниясының корпоративтік байланыс бойынша менеджері  Тілек ӘБДІРАХИМОВ. Билетті кері қайтару мәселесі бойынша компанияның колл-орталығына хабарласуға болады. Телефондар мен электронды пошта  біздің сайтта көрсетілген. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 мамыр, 13:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.