25 мамырдан бастап Атыраудан ұшу рейстері қайта жанданады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Ұшу бағыттары мына бағыттар бойынша қайта ашылады.
«Air Astana»
Атырау–Алматы, Атырау–Нұр-Сұлтан бағыттарына аптасына 7 рейс;
«SCAT»
Атырау–Нұр-Сұлтан бағытына аптасына 5 рейс, ал 1 маусымнан бастап 7 рейспен ұшады.
Атырау – Ақтау бағытында аптасына 7 рейс, ал 1 маусымнан бастап 14 рейс орындайды.
«Qazaq Air»
Атырау-Ақтау, Атырау-Ақтөбе, Атырау-Орал бағыттарында аптасына 4 рейстен;
Атырау-Шымкент бағытында аптасына 7 рейс жасайды.
«Fly Arystan»
Атырау-Шымкент бағытында аптасына 3 рейс орындайды (шілдеден бастап).
"Рейстер әуе компаниялардың ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады. Ұшулар санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралар шартында жүзеге асырылады: бұлар - жеке қорғаныс жабдықтарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар), термометрия, әлеуметтік қашықтықтықты әуе кемесінің бортына отыруға дейін ұстану, әуежайлар мен әуе кемелердің күшейтілген дезинфекциясы", - делінген ААК хабарламасында.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА