
Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова ісі бойынша 24 сәуірдегі сот отырысы тағы да кейінге шегерілді.
Үш сағатқа жуық үзілістен кейін процесс жалғасты. Прокурор айыптау тарабына процессуалдық келісім шарттарын талқылау үшін қосымша уақыт қажет екенін айтып, сотты кейінге қалдыруды сұрады.
Қорғаушы тарап та келісім шарттарын талқылауды аяқтау үшін уақыт керектігін жеткізді.
«Осыған байланысты сот отырысы дүйсенбі күні сағат 15:00-ге кейінге қалдырылады. Сот отырысы жабық деп жарияланады», — деді судья.
Бұған дейін Эльмира Төлегенова соңғы сөзінде процессуалдық келісім жасау туралы өтініш білдірген болатын. Осыдан кейін сот тергеуді қайта жалғастырып, үзіліс жариялаған еді.
Ал 23 сәуірде өткен отырыс Төлегенованың сотқа келмеуіне байланысты кейінге қалдырылған. Сол кезде сот қорғаушы тарапқа медициналық құжаттарды ұсынуға уақыт берген.
В Атырау -10