Атырау, 14 наурыз 09:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Атырауда

«Бабалар ізімен» Басқа жаңалықтар

«Бабалар ізімен»

Осындай ұранмен жақында Атырауда мектеп оқушылары мен студенттер бірнеше ай бұрын ағалары жүріп өткен жолмен атты экспедиция жасап, Қараой жазығындағы батыр, ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының мазарына тәу етіп қайтты. Индербор ауылынан атқа қонып, жеті сағат ішінде 40 шақырым жолды артқа қалдырған экспедиция мүшелері өздерінің ат құлағында ойнаған жауынгер халықтың ұрпағы екендерін көрсете білді. 29 қазан 2019, 21:12 4 759 рет қаралды
Аңқау барда, алаяқ табылады Басқа жаңалықтар

Аңқау барда, алаяқ табылады

Жылыой ауданында 38  жастағы әйел Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғарғы оқу орындарына балалары мен немерелерін оқуға түсіремін деп төрт адамды тақырға отырғызып кеткен. Алайда алысқа бармады. Жуырда сот алаяқ әйел адамды  3 жыл  жарым мерзімге бас бостандығынан айырды. Бізде жоғары оқу орнында парақорлар көп деп айтылады, бұл жерден алаяқтар да арылмапты. 29 қазан 2019, 16:34 3 903 рет қаралды
Су тоқтаса - түзге барасың Басқа жаңалықтар

Су тоқтаса - түзге барасың

Жуырда Атырау облысы әкімдігінің Telegram чат каналына қала маңындағы Еркінқала ауылындағы мектеп оқушысының ата-анасы оқу орны ауласындағы дәретхананың суретін салып, хабарлама жолдаған еді. Ата-ананың айтуынша, мектеп әкімшілігі 5-11 сынып оқушыларын сырттағы дәретхананы пайдалануға мәжбүрлейді екен. Ал оқу орны ғимаратындағы дәретханалар тек төменгі сынып оқушыларына арналған. Бұл жақында Білім министрі Асхат Аймағамбетовтің Атырауға сапары туралы «АЖ» жарияланымында айтылған еді. Енді Атырау әкімдігі Еркінқала мектебін қорғап отыр. 29 қазан 2019, 16:39 4 547 рет қаралды
Атырауда айналма жол салынады Басқа жаңалықтар

Атырауда айналма жол салынады

«АлматыДорПроект» жобалау ұйымы Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы ұзындығы 45 шақырым болатын айналма жолдың техникалық-экономикалық негіздемесін жасады. Ал «Қазжолжобалау» ЖШС Атырау қаласындағы Солтүстік айналма жолы (26 км) құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын дайындауды бастайды. Бұл туралы брифингте Атырау облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет ОРАЗҒАЛИЕВ хабарлады. 29 қазан 2019, 15:33 5 720 рет қаралды
Қылмыскер бейнекамераның көмегімен ұсталды Басқа жаңалықтар

Қылмыскер бейнекамераның көмегімен ұсталды

Балықшыда таңғы сағат үштер шамасында Құнанбаев көшесіндегі №14 үйдің жанынан кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған, ессіз күйде жатқан ер адам анықталды. 33 жастағы жергілікті тұрғын облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліп, полиция қылмыскерді іздестіре бастады. Осы жерде бейнебақылау жүйесінің көмегі тиді. 29 қазан 2019, 11:07 3 423 рет қаралды
Атырауда сарбаз менингиттен көз жұмды Басқа жаңалықтар

Атырауда сарбаз менингиттен көз жұмды

26 қазанда сағат 17.50-де №2016 әскери бөлімшенің (шекара қызметі) жауынгері «менингококк инфекциясының күрт асқынатын түрі» деген алдын-ала диагнозбен ауыр халде Атырау облыстық ауруханасына түсті. Сарбазды аман алып қалу мүмкін болмады, ол бірнеше сағаттан кейін қайтыс болды. Осыған орай, 28 қазанда ӨКҚ-де облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Гүлнафис ТАҢБАЕВАНЫҢ және облыстың штаттан тыс эпидемиологы Гүлжамал ТАУБАЕВАНЫҢ қатысуымен брифинг өтті. 29 қазан 2019, 09:56 3 197 рет қаралды
Жанболат Мамай: «Билік ешқашан өздігінен реформа жасамайды» Саясат

Жанболат Мамай: «Билік ешқашан өздігінен реформа жасамайды»

Жақында бір топ қоғамдық белсенді Қазақстанның Демократиялық партиясын құру туралы мәлімдеме жасады. «АЖ» тілшісі осы ұйымдастырушылардың бірі – белгілі журналист, «Трибуна» газетінің бұрынғы редакторы Жанболат МАМАЙМЕН әңгімелесті. 28 қазан 2019, 15:49 6 819 рет қаралды
Қаламгер сағынышы Мәдениет

Қаламгер сағынышы

25 қазанда Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР ақпарат саласының үздігі, ақын және аудармашы Әлібек ҚАЙЫРОВТЫҢ шығармалары жинақталып, «Сағынышым – тағдырымның тұмары» атпен жарыққа шыққан кітаптың тұсаукесері өтті. «Ақ Желкен» шығармашылық орталығында өткен шығармашылық кешке журналистің достары мен әріптестері, туыстары жиналды. 28 қазан 2019, 16:17 4 192 рет қаралды
Кестелі орамал – қазақтың хаты Басқа жаңалықтар

Кестелі орамал – қазақтың хаты

Жуырда болған «Көрпе Fest» фестивалі өңірімізге әйгілі көптеген қолөнершілердің басын қосты. «АЖ» тілшісі шара ұйымдастырушыларының бірі, «Алтын сапа» Президенттік сыйлығының лауреаты Ырза ТҰРЗЫНЗАДАМЕН әңгімелесіп, қазақ оюларының мән-мағыналары туралы қызықты деректер білді. Сурет 28 қазан 2019, 11:38 8 643 рет қаралды
«Кісі өлімін күйеуіме жабуға тырыстым. Қазір балаларыммен бірге келіп тұрады» Оқиға

«Кісі өлімін күйеуіме жабуға тырыстым. Қазір балаларыммен бірге келіп тұрады»

Атыраудағы УГ-157/11 жалпы режимдегі әйелдер колониясы – Қазақстандағы алты әйелдерге арналған түзету мекемесінің бірі және ашылғанына да көп болған жоқ – 6 жылдан бері жұмыс істеп істеуде.   Сурет Бейнежазба 28 қазан 2019, 11:17 6 357 рет қаралды
Кассалық аппарат үшін өтемақы 60 мың теңгеден аспайды Басқа жаңалықтар

Кассалық аппарат үшін өтемақы 60 мың теңгеден аспайды

«Ақ Жайық» газеті Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығымен бірге Атырау кәсіпкерлері үшін арнайы ұйымдастырылған «Салықтар бойынша сұрақ-жауап» айдарын жалғастырады. Сұрақтарыңызды editors@azh.kz электронды поштасына жібере аласыз. Сұрақтарыңызға орталық директоры Дмитрий КАЗАНЦЕВ жауап береді. 28 қазан 2019, 11:12 3 393 рет қаралды
"Сотқа дәлелсіз істер де келеді" Басқа жаңалықтар

"Сотқа дәлелсіз істер де келеді"

Атырау облысының судьялары жыл басынан бергі жұмыстарын қорытындылады. Брифингте, атап айтқанда, ақтау үкімдерінің саны көбейгені, бұл әр нақты жағдайда сотқа дейінгі тергеу сапасының төмендігімен байланысты екені айтылды. 26 қазан 2019, 20:19 4 474 рет қаралды
Атырауда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды Басқа жаңалықтар

Атырауда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

25 қазанда Атырау қаласы Самал ықшамауданында өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстарына арналған №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ашылды. Төрт қатарлы жаңа ғимарат қазіргі заманғы үлгіге сай арнайы техникалармен, жаттығу залдарымен, жуынатын және психологиялық тынығу бөлмелерімен жабдықталған. Сонымен қатар 40 адамға арналған жатақхана және 7 қызметтік пәтер қарастырылған.  Сурет 26 қазан 2019, 18:20 6 522 рет қаралды
"Пұлдай емес, малдай бердім" Басқа жаңалықтар

"Пұлдай емес, малдай бердім"

№2 қалалық сотында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВАҒА, облыстық білім беру басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВҚА, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА және білім беру саласының бұрынғы бірнеше қызметкеріне қатысты сот процесі жалғасуда. Қазір куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап алу жүріп жатыр. 25 қазан 2019, 15:58 3 337 рет қаралды
Шөп шегіп, көлік жүргізген Басқа жаңалықтар

Шөп шегіп, көлік жүргізген

Құрманғазы ауданында жол сақшылары, өз деректері бойынша, 2015 жылы 5 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтың  Ssang Yong маркалы көлігін тоқтатты. Құжат тексеру кезінде көлік салонынан ерекше иісті сезеді, бірақ бұл арақ иісіне ұқсамады. 25 қазан 2019, 16:11 7 484 рет қаралды
Қағаз саны жартылай қысқарады Басқа жаңалықтар

Қағаз саны жартылай қысқарады

Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді және мемлекеттік қызметтер реестрінен  алынып тасталатын болады.  Бұл туралы брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Марат ЗАБЫХАН мәлімдеді.  25 қазан 2019, 15:33 3 630 рет қаралды
Құлсарыдағы су бағасы 10 еседей қымбаттауы мүмкін Басқа жаңалықтар

Құлсарыдағы су бағасы 10 еседей қымбаттауы мүмкін

Қазанның басында «Магистральдық суағызғы» ЖШС Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментіне инвестициялық бағдарламаны мақұлдап, 2020-2024 жылдарға арналған «Астрахан-Маңғышлақ» суағызғы тұтынушылары үшін тарифті көтеру өтінішімен жүгінді. Біздің өңірде бұл Құлсары қаласына, сонымен қатар Құрманғазы және Исатай аудандарының кейбір елді мекендеріне қатысты. 25 қазан 2019, 10:25 3 256 рет қаралды
Қарабатанның қымбат ауасы Басқа жаңалықтар

Қарабатанның қымбат ауасы

Қарабатандағы «Болашақ» зауытында Қашағанның шикі мұнайы экспортқа шығару үшін түрлі қоспалардан тазартылады. Зауытқа жасалған баспасөз туры барысында «АЖ» тілшісіне әзіл-шыны аралас осы жердің иісіне мұрын тыржитпауды ұсынып, мұнай құйылған колбаны тарту етті. Сурет 25 қазан 2019, 10:20 3 620 рет қаралды