Атырау, 22 желтоқсан 20:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Саяхатты қоя тұруды шешті шенеуніктер

2 708 рет қаралды

14 шілдеде Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы 3719 мың теңгеге облыстың туристік логотипін жасау конкурсын қайта өткізуді хабарлаған болатын (алғашқы конкурс бір ай бұрын жарияланған еді, бірақ қатысуға ниет білдіргендер болған жоқ). Ал келесі күні облыс әкімдігі райынан қайтып, конкурстан бас тартты. Оған әлеуметтік желідегі пікірлер түрткі болса керек. 

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ақпаратына сәйкес, мемлекеттік сатып алу сайтындағы лот «облыстағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты» қысқартылды. Ал 3 млн 719 мың теңгені бюджетке қайтару туралы шешім қабылданды. Дұрыс шешім, әрине, оны ертерек қабылдауға да болатын еді.

Фархат ӘБІЛОВ

17 шілде 2020, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.