Атырау, 16 қаңтар 15:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Атырауда «ковид-такси» қызметі іске қосылды

3 283 просмотра

Ковид-такси бригадасы жедел жәрдем қызметін көрсетеді және түнгі ауысыммен жұмыс істейді. Қала тұрғындары оны 103 нөміріне қоңырау шалып, шақыра алады. Ковид-такси қызметіне үйде пневмония мен коронавирустан емделіп жатқан науқастарға медициналық көмек көрсету кіреді.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл қызмет түрі ел бойынша бірінші болып Атырау облысында ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта олардың санын көбейту жоспарлануда, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық жедел жәрдем қызметі стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз БАЙМОЛДАЕВАНЫҢ айтуынша, соңғы кездері оларға түсіп жатқан шақыртулар өте көп екен. Бұрын тәулігіне 700-800 шақырту болса, енді 1300-ге дейін артқан.

- Өкінішке орай, кейбір қызметкерлеріміз науқастанып қалды. Қазір қолда бар күшті барынша тиімді пайдалануға тырысып отырмыз, - дейді Н. Баймолдаева. – Ковид-такси коронавирус, пневмонияға шалдыққан, қызуы көтеріліп тұрған науқастардың шақыртуына барып, жүктемені азайтуға көмектеседі. Пациент дәрігердің қабылдауынан шығып, өздігімен үйіне жетуі қиын болған жағдайда ковид-такси қызметін пайдалана алады.

Ковид-такси бригадасында жүргізуші мен фельдшер болады, бір артықшылығы - жүргізуші алғашқы медициналық көмек көрсете алады. Бұдан басқа, пневмония, коронавирусқа шалдыққан науқастар ковид-такси қызметін дәрі-дәрмек тасымалы үшін де пайдалана алады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

17 шілде 2020, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.