Атырау, 22 желтоқсан 21:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

«Сарайшық» базарында өрт шықты

Сурет Бейнежазба
3 658 рет қаралды

Бүгін, 16 шілде күні сағат 15:00 шамасында "Сарайшық" коммуналдық базарында өрт шықты.

- Базар ішінде 50 шаршы метр аумақта 3 азық-түлік дүңгіршегі жанды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер 6 минут ішінде жетті. Өрт сағат 15:15-те ауыздықталып, 15:51-де түгел өшірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Өрттің алдын ала себебі анықталуда.

Айта кету керек, бұл «Сарайшық» базары ашылғалы бері орын алып отырған екінші өрт оқиғасы. Төрт жыл бұрын базар өртенген болатын.

Фархат ӘБІЛОВ

Атырау облыстық ТЖД ұсынған суреттер

16 шілде 2020, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.