Атырау, 5 желтоқсан 08:18
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау - ауаның ластану деңгейі бойынша "жүлдегер" қала

6 757 рет қаралды

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан ПІРІМҚҰЛОВ ауаның ластану деңгейі жоғары қалаларды атады. Атырау үштікке ілінді.

Бұдан бұрын «AЖ» хабарлағандай, Атырауда 7-13 шілде аралығында ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан (ШРК) асқан 19 жағдай тіркелді. Ауа Береке өнеркәсіптік аймағында (Береке ықшам ауданы), Азаттық даңғылы-Әуезов қиылысында, Сәтпаев-Владимирский қиылысында көп ластанған.

Осы аптада ҚР Экологиялық реттеу комитетінің төрағасы Зұлфұхар ЖОЛДАСОВ ауада күкіртсутек иісін сезген қала тұрғындарының көптеген шағымына жауап берді. Оның айтуынша, ауа ластаушы – Сасықсай.

Өз кезегінде Атырау облысының прокуратурасы экология департаментіне, «Қазгидромет» РМК филиалы мен облыстық СЭС-ке күн сайын түнгі уақытта ауа сынамасын алып, кінәлілерді анықтауға тапсырма берді.

Фархат ӘБІЛОВ

18 шілде 2020, 18:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.