Сотталған алты әйел көмектесуге ниет білдірді

1 119 рет қаралды

УГ-157/11 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан алты әйел Атыраудың қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты мекемелердегі медициналық қосынға қол ұшын беріп, жәрдемдесуге ниет білдірді. Барлығының да медициналық білімі мен тәжірибесі бар.

Қазір бұл еріктілер басқа сотталғандарға медициналық-санитариялық көмек көрсетіп, дезинфекциялау жұмыстарына қатысып жүр. Мысалы, Бақтыгүл Орал қаласындағы жедел жәрдем стансасында бірнеше жыл жұмыс жасаған.

- Кез келген вирус қауіпті, әсіресе COVID-19, -  дейді Бақтыгүл. – Сондықтан науқасты тексергенде аса сақ болған жөн.

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, пандемия басталғалы медициналық қосындарға 100-ден астам сотталушы қаралуға келді, бірақ коронавирус жұқтырған жағдай кездескен жоқ.  

УГ-157/11 мекемесі бастығының орынбасары Медет ӘЖІҒҰЛОВТЫҢ айтуынша, қазір колонияда жеке қорғаныс заттарын тігетін цех жұмыс жасайды. Бүгінге дейін 40 мың маска мен 500 қорғаныс костюмі тігілді. Пандемия кезінде ҚАЖК медицина құрамы және жеке құрамының бірқатар қызметкерлері ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес марапатталды.

Айнұр САПАРОВА

16 шілде, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.