Атырау, 15 наурыз 11:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Жанған КЖО ішінде 8 автокөлік өртке оранды

Сурет
3 835 рет қаралды

17 шілдеде Тайманов көшесі бойында жергілікті уақыт бойынша сағат 19:21-де "Қазазер" ЖШС-нің көлік жөндеу орталығында өрт шықты.

Ғимараттың ішінде 8 жеңіл автокөлік болған, олар толығымен отқа орынды.

Айта кету керек, оқиға кезінде өрт сөндірушілер ғимараттан көлемі 50 л 2 газ баллонын және көлемі 70 л 3 оттегі баллонын алып шықты.

Атырау облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ 15 қызметкері мен 4 техникасының күшімен сағат 20:00-де өрт ауыздықталып, 20:41-де толығымен сөндірілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда.

Атырау облысы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

17 шілде 2020, 21:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.