Атырау, 21 қараша 22:47
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

22 миллионға «жайлы спорттық киім» қазір кімге керек?

Толықтырылды
4 408 просмотра
Көрнекі сурет

Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы 22 млн 321 мың теңгеге спорттық киім тігуге конкурс жариялады. Осылайша, облспорт 500 жергілікті спортшыны киіндірмек ниетте. Бұл ретте Қазақстанда коронавирусқа байланысты спорттық іс-шаралар наурыз айынан бастап өткізілмей келеді.

Техникалық құжаттарға сәйкес, «спорттық күртеше мен шалбар құрамында полиэстер талшықтары бар мықты синтетикалық матадан болуы керек, бұл материалға салмақ түскенде мықты болады және жаттығу кезінде  өте ыңғайлы. Футболка мен шорттар да заманауи матадан болғаны дұрыс. Жеңіл кроссовкалар ыңғайлы және көзге тартымды болуы шарт».

Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін конкурс жеңімпазы дене шынықтыру және спорт басқармасына 5 күн ішінде келісіп, ескертулерді жою үшін дайын үлгілерді ұсынуы тиіс. Өтінімдер 8 шілдеден бастап қабылданып, 23 шілдеде аяқталады. Тендерлік комиссияның төрағасы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат ИБРАГИМОВ деп көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жергілікті Департамент ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы («Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену») бойынша «Атырау» кәсіби спорт клубы» қоғамдық қоры мен дене шынықтыру және спорт басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады

Осы мақала жарияланғаннан кейін дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат ИБРАГИМОВ өз пікірін білдіруді жөн деп санады. Оның айтуынша, спорттық киім сатып алу бойынша тапсырыс елдегі төтенше жағдай жойылғаннан кейін жарияланды.

- Олимпиада ойындары өтетін жылы мәдениет және спорт министрлігі екінші жартыжылдықта жарыс өткізу туралы ресми хат жолдады. Республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар үшін облыс спортшыларын спорттық киім-кешекпен қамтамасыз ету жоспарланған. Ешкім де жағдайдың ушығып кететінін білген жоқ, - дейді Ринат Ибрагимов. – Өздеріңізге мәлім, барлық ресми кешенді жарыс ережелеріне сәйкес облыс құрамасы бірыңғай спорттық формада болуы тиіс. Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы соңғы рет 2018 жылғы Халық ойындарына бірыңғай спорттық киім дайындады. Ал 2019 жылы бұл мақсатқа мемлекеттік сатып алу жүргізілген жоқ.

Р.Ибрагимовтың айтуынша, қазір жергілікті спортшылардың спорттық киімі тозған.

- Сондықтан мемлекеттік сатып алу жыл басында жоспарланып, 2020 жылға арналған бюджетпен бекітілді. Жаңа форма 2020 және 2021 жылдары өтетін турнирлерге қатысатын облыс спортшылары үшін тігілуі қажет. Байқау жеңімпазы оны бірнеше айдан кейін жеткізеді. Егер елдегі жағдай реттелсе, спортшыларды қыркүйек-қазан айларында және келесі жылы да маңызды жарыстар күтіп тұр, – деді Р. Ибрагимов. Жаңа форманы жоғары нәтиже көрсетіп жүрген спортшылар мен олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан спортшылар арасында үлестіру жоспарланып отыр.

Фархат ӘБІЛОВ

17 шілде 2020, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.