Атырау, 25 желтоқсан 07:15
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Атырауда

​The International 2023-ті өткізіп алмаудың 5 себебі Спорт

​The International 2023-ті өткізіп алмаудың 5 себебі

12 қазанда сағат 23:00 - де Dota 2 бойынша жылдың басты турнирі басталады -The International-дың есебіндегі 12-ші болып отыр. Биылғы жылы бізді ерекше жарқын көрініс күтіп тұр. Киберспорттағы басты чемпиондық атағы үшін жаңа жекпе-жек несімен есте қалатынын айтып береміз. 12 қазан 2023, 11:48 779 рет қаралды
Хиджаб әлде мектеп пе? - мәселе осында Атырауда

Хиджаб әлде мектеп пе? - мәселе осында

11 қазанда Құлсары қаласының тұрғыны Мейрамбай ТАҒАШЕВ әлеуметтік желіде қызын хиджаб кигені үшін мектепке кіргізбей жатқан видеоны жариялады. Біз оған хабарласып, мән-жайды анықтап көрдік. Оның айтуынша, қызын мектепке кіргізбеген. Ал 10 қазанда оқу-ағарту министрі Ғани БИСЕМБАЕВ журналистердің сауалдарына жауап бере отырып, бүгінде Қазақстанда хиджаб киюге байланысты мектепте оқи алмау мәселесі жоқ деп сендірді. 12 қазан 2023, 09:37 617 рет қаралды
​Өңірде салынатын әлеуметтік нысандардың жобасы талқыланды Атырауда

​Өңірде салынатын әлеуметтік нысандардың жобасы талқыланды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат НҰРТАЕВТЫҢ төрағалығымен Атырау қаласында жүзеге асырылатын нысандардың жобасы туралы жиын өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бейнежазба 12 қазан 2023, 09:32 607 рет қаралды
Өңірдегі жолдарда жыл басынан бері үй жануарларының қатысуымен 100-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркелді Атырауда

Өңірдегі жолдарда жыл басынан бері үй жануарларының қатысуымен 100-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркелді

Атырау облысы аумағында соңғы 9 айда тас жолдарда үй жануарларының қатысуымен 111 жол-көлік оқиғасы орын алды. Олардың көбі қала сыртындағы тас жолдарда болып отыр. Бейнежазба 12 қазан 2023, 09:09 700 рет қаралды
​Атырауда тұрмыстық қоқыс алаңына айналған аудандарға бақылау жүргізілді Атырауда

​Атырауда тұрмыстық қоқыс алаңына айналған аудандарға бақылау жүргізілді

Қоршаған ортаның тазалығы ортақ іс. Алайда қоқысты көшеге тастай салу кейбір аудандарда қалыпты әдетке айналған. Сондай-ақ, қалалар мен елдімекендердің айналасында рұқсат етілмеген қоқыс орындары көбейген.Осыған орай, 9-16 қазан аралығында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын тиісті белгіленбеген жерлерге тастамау бойынша алдын-алу жұмыстары жүргізілуде. 11 қазан 2023, 14:41 1 001 рет қаралды
Атырау облысының тұрғындарын не көбірек алаңдатады? Атырауда

Атырау облысының тұрғындарын не көбірек алаңдатады?

Атырау облысының әкімдігі 2023 жылдың 3 тоқсанындағы облыс тұрғындарының шағым-тілектеріне талдау жасаған файлды жариялады. «АЖ» тіршіліктің қай саласы бойынша азаматтардан көп өтініш түсетінін және жергілікті атқарушы органдардың нақты мәселелерді шешу үшін қандай шара алып жатқанын анықтауды жөн көрді. 11 қазан 2023, 12:04 1 349 рет қаралды
«Қару» іс-шарасы: 12 қару тәркіленіп, 21 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды Атырауда

«Қару» іс-шарасы: 12 қару тәркіленіп, 21 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды

Атырау қаласы аумағында атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану арқылы жасалатын қылмыстарды ашу және алдын алу, сондай-ақ, қару иелерін тұрғылықты жері бойынша тексеріп, олардың қаруды пайдалану, ұстау және сақтау талаптарын орындауын тексеру мақсатында 4-9 қазан аралығында «Қару-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бейнежазба 11 қазан 2023, 11:27 770 рет қаралды
Ғалымдар көксеркені жасанды ұрықтандырудың биотехнологиялық әдісін ойлап тапты Атырауда

Ғалымдар көксеркені жасанды ұрықтандырудың биотехнологиялық әдісін ойлап тапты

Бүгінде Еуропаға көксеркенің көп экспортталуына байланысты елімізде балықтың бұл түрі күрт азайып кеткен. Осыған байланысты аквамәдениетте көксеркені өсіру мен көбейтудің маңызы зор. Қазіргі уақытта шетелден әкелінетін көксеркенің балық өсіру материалы қымбат әрі сұранысқа ие. 11 қазан 2023, 11:19 981 рет қаралды
Жыр болған хикая: тағы да автогаз мәселесі Атырауда

Жыр болған хикая: тағы да автогаз мәселесі

Көліктердің газ мәселесі шешілгендей болған еді, бірақ соңғы күндері Атыраудағы жанармай құю бекеттерінде тағы да ұзын-сонар кезек пайда болды. Сондықтан Энергетика министрлігі Атырау облысына қосымша 750 тонна көлем бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы 10 қазанда ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 11 қазан 2023, 10:48 1 203 рет қаралды
Атырауда «ZHAS PROJECT» жобасына өтініш қабылдау басталды Атырауда

Атырауда «ZHAS PROJECT» жобасына өтініш қабылдау басталды

«ZHAS PROJECT» 2019 жылдан бастап әлеуметтік осал топтағы жас қазақстандықтарға қолдау көрсетіп, олардың ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес-идеяларын қаржыландырып келеді. Биыл 9 қазаннан бастап жобаға өтініштерді қабылдау басталды. Бұл туралы «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Зульфия КУБЕЕВА баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 10 қазан 2023, 14:48 1 118 рет қаралды
Жылыой ауданындағы бес ауылда жаңа жолдар салына бастады Атырауда

Жылыой ауданындағы бес ауылда жаңа жолдар салына бастады

Жылыой ауданында ауылішілік жол салу жұмыстары басталды. Асфальт Шоқпартоғай, Ақкиізтоғай, Майкөмген, Қосшағыл және Тұрғызба ауылдарына салына бастады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. 10 қазан 2023, 12:51 1 414 рет қаралды
«Жібек жолы» би студиясы: «Жақсылық жасау – әр адамның ішкі қажеттілігі» Қоғам

«Жібек жолы» би студиясы: «Жақсылық жасау – әр адамның ішкі қажеттілігі»

Қала тұрғындарының ақшалай көмегі мен қайырымдылық концерттерінің арқасында атыраулық отбасы 2 жасар Руфинаның нейробластомасын емдеуге қажетті қаражат жинады. 10 қазан 2023, 12:40 1 576 рет қаралды
Егер Wildberries ақшаңызды қайтармаса Атырауда

Егер Wildberries ақшаңызды қайтармаса

Осы жылдың 9 айында Атырау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 69 тұтынушы «Wildberries» интернет-дүкенінен сапасыз және сапасына сай емес қайтарылған тауарлар үшін төленген қаражаттарын қайтаруға көмектесу туралы өтінішпен жүгінген. 10 қазан 2023, 12:29 910 рет қаралды
«100 аула» жобасы инфляция мен бағаның өсуіне байланысты уақытша тоқтап қалды Атырауда

«100 аула» жобасы инфляция мен бағаның өсуіне байланысты уақытша тоқтап қалды

Атырау қаласында аулаларды абаттандыру мақсатында өткен жылы іске қосылған «100 аула» жобасы уақытша тоқтап қалды. Бүгінгі таңда жұмыстардың аз бөлігі аяқталған. Атап айтқанда, Жилгородок, Сарыарқа ықшамаудандарындағы көпқабатты үйлердің аулаларында ескі асфальт қана күрелген. Құрылыс жүргізіп жатқан техникалар көрінбейді. 10 қазан 2023, 12:11 943 рет қаралды
Қарабау құмынан құнды жәдігерлер табылды Атырауда

Қарабау құмынан құнды жәдігерлер табылды

Тасын түртсе тарихы сөйлейтін, талай сырларды ішіне бүккен қасиетті Қызылқоға өңірінде әлі де болса ашылмаған талай құпия мен құнды жәдігерлер жатқаны сөзсіз. Оған облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған археологиялық қазбалар нәтижесі дәлел. Археологтар тамыз айынан бастап Қарабау ауылынан 8 шақырым жердегі «Қарақұдық» деген жерге қазба жұмыстарын жүргізіп, құнды жәдігерлерге тап болды. 10 қазан 2023, 11:53 1 203 рет қаралды
Атырау қаласы әкімі мен оның орынбасарларының қабылдауына қалай және қашан кіруге болады Атырауда

Атырау қаласы әкімі мен оның орынбасарларының қабылдауына қалай және қашан кіруге болады

Қала әкімдігінің сайтында 2023 жылдың IV тоқсанында Атырау қаласының әкімі Шәкір КЕЙКИННІҢ, оның орынбасарларының және әкім аппараты басшысының жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі жарияланған. 10 қазан 2023, 11:48 1 065 рет қаралды
Доссорда өртенген үй тұрғындарының бір бөлігі басқа баспанаға қоныстанды Атырауда

Доссорда өртенген үй тұрғындарының бір бөлігі басқа баспанаға қоныстанды

Естеріңізге сала кетсек, 16 маусымда Доссорда 100 жыл бұрын салынған 6 пәтерлік барак үй өртеніп кетті - тұрғындары баспанасыз қалып, оларды мектеп-интернатының жатақханасына орналастырған еді. Доссордың әкімдігі әр отбасыға өтемақы ретінде 690 мың теңгеден төлейміз деп уәде етті. Алайда тұрғындар қаражаттың бұл мөлшеріне көңілдері толмай, облыс әкімдігі ғимаратының алдында наразылық жиынын да өткізді. 10 қазан 2023, 10:47 968 рет қаралды
Атырау облысында 8 мыңдай адам ЖРВИ жұқтырды Денсаулық

Атырау облысында 8 мыңдай адам ЖРВИ жұқтырды

Биыл қазан айынан бастап тұмау және жедел респираторлық-вирустық инфекцияларымен тіркелгендердің саны көбейгені байқалады. 1 қазаннан бастап 7754 адам тұмау және жедел респираторлық-вирустық инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде ЖРВИ-мен 6998, тұмау ауруымен 9, бронхитпен 746 адам тіркелді. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар АБДАЛИЕВ баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 10 қазан 2023, 10:20 1 027 рет қаралды
ТЖД бастығының жаңа орынбасары тағайындалды Атырауда

ТЖД бастығының жаңа орынбасары тағайындалды

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, 9 қазан күні ТЖД бастығы Нұрлан ЖАҢАБАЕВ жеке құрамға өзінің жаңа орынбасары Алмаз ТӨЛЕНДИНДІ таныстырды (суретте оң жақта). 10 қазан 2023, 01:19 977 рет қаралды