Атырау, 24 қараша 06:21
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұқыр түлектері ауылға көпір салып берді

Сурет
717 просмотра

Бүгін Мұқыр ауылының 48-ші түлектері ауыл тұрғындарына жаяу жүргіншілерге арналған жаңа көпірді сыйға тартты. 37 жастағы сыныптас азаматтар жаңа көпір салып беру арқылы сайда орналасқан 6-шы ауыл тұрғындарының мәселесін шешуге тырысқан.

- 1993 жылы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 2004 жылы Мұқыр орта мектебін бітірдік. Мектеп бітіргенімізге 20 жыл толу мерейтойымызда баршамыз жиналып, ауылға көпір салып беруді ұйғардық. Себебі ауылдың 6-шы ауыл аталып кеткен көшесінде сай бар. Бұл сай ақпан айы болса қар суы еріп, орталықта орналасқан мектепке баратын ауыл балалары үшін сабаққа барулары шектеледі. Осы мәселенің шешімін табуға тарыстық. Бұл ісіміз ауылым деген әр болашақ ұрпаққа теңіздің тамшысындай болса да үлесін қосса дейміз,-  дейді ауыл түлегі Аслан ТАБЫНБАЕВ. 

Сауапты іске мектеп түлектері бір кісідей кірісіп, уақытпен санаспай үш айда ұзындығы 18 метр, ені 1,5 метрге жететін жаңа көпірді салып берді. 

Көпірдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан ауыл әкімі Азамат Жақсиев пен ауыл қариясы Боранбай ТАЙЖАНОВ жастарға батасын беріп, лентасын қиып, алғашқылардың бірі болып түлектермен бірге жүріп өтті.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет Қызылқоға ауданы әкімдігінің парақшасынан

4 маусым, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.