«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов SIPC (Sinopec International Petroleum Coorpration) вице-президенті Чжао Чуанминмен кездесу өткізді.
Тараптар «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-нің (ҚОА) Ақтөбе облысындағы Әлібекмола және Қожасай мұнай-газ конденсатты кен орындарын одан әрі игеру жолдарын талқылады. ҚОА үлескерлері – ҚМГ 50% және Caspian Investments Resources Ltd (Sinopec) 50%.
2023 жылы ҚОА компаниясының мұнай өндіру деңгейі 505 мың тоннадан асты. Биылғы мұнай өндіру жоспарына сәйкес компания 477 мың тонна өндіру көрсеткішіне жетуі керек, 2024 жылдың 5 айында бұл көлемнің 200 мың тоннаға жуығы өндірілді.
Кездесуде өндіру деңгейін қамтамасыз ететін жаңа технологиялар мен қордың өсуі үшін бағалау ұңғымаларын бұрғылау мүмкіндіктері де талқыланды.