Атырау, 23 желтоқсан 01:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атыраулық оқушылар халықаралық олимпиадада алтын медаль иеленді

627 рет қаралды

Өзбекстанда өткен Халықаралық білім бәйгесінде Қазақстанның құрама командасы 4 медаль иеленді.

Әл-Хорезми атындағы математика олимпиадасында бақ сынаған еліміздің командасының құрамында атыраулық оқушылар да бар. 

- №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушылары Бердібек ОРЫНБАСАР - алтын медаль еншілесе, Темірлан ӘБІШЕВ - күміс медальға ие болды, - деп хабарлады Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира ТҰҢҒАТАРОВА.

Айта кетейік, Өзбекстанда өткен олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Тәжікстан мемлекеттерінен 135 оқушы қатысты.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

5 маусым 2024, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.