Атырау, 22 қыркүйек 03:55
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Жайық қоқыс қалдықтарынан тазаланып жатыр

Бейнежазба
705 просмотра

Атырау өңіріне су басу қаупі төніп,  Жайық өзеніне жеткен су, сынған ағаштар мен әртүрлі қалдықтар әкелді. Жайықтағы тазалау жұмыстары жөнінде «СпецАвтоБаза» ЖШС басқарма басшысы жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

- Биылғы жылдың 27 мамырынан бастап Жайық жағалауын ағыспен келген ағаштардан тазарту жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта теміржол көпірі мен “Тұрғын үй” қалашығы көпірі аралығындағы  тазалық жұмыстары жүруде. Қазір бір жауапты бригада басшысы және екі қызметкер катермен тазалау жұмыстарын жүргізуде. Жұмысшылар катермен жүріп жұмыс жасауда. Сонымен қатар әртүрлі техникалар: жүк тиегіш, манипулятор бар. Ағыспен келген алынбайтын ағаштарды Жайық бойына жіберуде, - деді «СпецАвтоБаза» мекемесінің оң жағалау бойынша тазалау басқармасының басшысы Күләнда ӘЖІҒАЛИЕВА.


4 маусым, 20:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.