Атырау, 23 қараша 18:27
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ақтауда теңіз жаяу әскерін құрметпен қарсы алды

932 просмотра
Сурет: gov.kz

Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері тұрақты орналасу пунктіне оралды. Олар екі ай бойы Атырау облысындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан болатын, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Теміржол вокзалында оларды гарнизон бастығы, әскери бөлімдердің командирлері, әріптестері, туыстары мен жақындары қарсы алды.

– Жеке өз атымнан және бүкіл әскери ұжымның атынан сіздерге зор алғысымды білдіремін. Табиғи апатпен күресте ешқандай қиындыққа қарамастан, берілген тапсырманы мүлтіксіз орындадыңыздар, – деді бригада командирі подполковник Азамат Сүлейменов.

Атқарылған жұмыстар жайында артиллериялық дивизионның штаб бастығы майор Марат Оразов егжей-тегжейлі айтып берді.

– Теңіз жаяу әскерлері екі ай бойы Махамбет ауданының Сарайшық, Есбол және Ақтоғай ауылдарын тасқын судан қорғауға қатысты. Олар бөгеттер салып, жергілікті тұрғындарды эвакуациялауға көмектесті. Әскери қызметшілердің күш-жігерінің арқасында көлемі 60 шақырым аумаққа жағалау бекіткіштері тұрғызылы. Бұл ретте күн сайын әскери қызметшілер 15 мың қапқа дейін құм толтырғанын атап өту керек, – деп нақтылады ол.

Іс-шара соңында ерекше көзге түскен әскери қызметшілер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


5 маусым, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.