Атырау облысының Махамбет аудандық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер І.-ден арзан бағада ыдыс-аяқ алып беруі үшін төленген 780 000 теңгені өндіру туралы талап бойынша азаматтық ісі қаралды.
Сатып алушы А. 2022 жылғы ақпан-шілде айлары аралығында ауызша келісім бойынша тауар үшін жауапкерге қосымша арқылы 820 900 теңге сомасында ақша қаражатын аударған.
Алайда сатып алушыға тек 40 000 теңгенің ыдыс-аяғы ғана жеткізілген. Алданған сатып алушы қалған қаражатқа ыдысты жеткізуді талап еткенде, сатушы міндеттемесін орындаудан жалтарған.
Бұдан кейін сатып алушы тауарға төлеген өз қаражатын қайтаруды талап еткен. Ақыры ала алмай, екі жыл күткен соң, қарыз сомасын мәжбүрлі түрде өндіріп алу үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
Татуласу рәсімін жүргізу нәтижесінде тараптар өзара татуласу келісіміне қол жеткізді. Келісім шарттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыға 780 900 теңгені сегіз айда бөліп, әр айдың 1-іне дейін төлеуге міндеттелді. Осымен тараптар келісімге келді, деп хабарлайды Атырау облысы Махамбет аудандық соты.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА