Атырау, 24 қараша 06:46
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қатты ағыстан Ақжардағы жағалау бөгеті шайылып кетті

920 просмотра

Атырау қаласы маңындағы Ақжар ауылы тұсындағы жағалау бөгетінің 100 метрге жуық аумағын ағын су шайып кетті.

Қазіргі уақытта бұл жерде нығайту жұмыстары жүріп жатыр.

“Жайық жағасында су деңгейін бақылап тұрған кезекші құрам таңғы 4 шамасында бөгеттің бір бөлігін су шайып, құлап жатқанын байқайды. Біз ТЖ мамандарымен бірігіп, бөгетті  жедел түрде нығайту жұмысына кірісіп кеттік. Қазіргі уақытта бұл жерге геомембрана төсеп, қосымша топырақ төгіп жатырмыз. Ағыстың күшімен шайылған бөгеттің аумағы 100 м құрайды. Жалпы су шайған бөгет аумағын шифер жабындық материалымен қорғаймыз деген жоспарымыз болды. Алайда, су деңгейінің тереңдігі кедергі келтірді» дейді 69-73 участок координаторы Қаһарман Рахметұлы.

Жедел жұмысқа Ақтау ТЖД қызметкерлері мен атыраулық 20-ға жуық ТЖД маманы жұмылдырылды.

Спикердің мәлімдеуінше, құлаған бөгетті қалыпқа келтіру 90%-ға аяқталды. Нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.


5 маусым, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.