Атырау, 24 қараша 07:04
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бір күнде Атырау облысында 140-қа жуық заңсыз келуші анықталды

944 просмотра

Атырау облысы аумағында көші-қон заңдылықтарын бұзған шетел азаматтарын анықтау және олардың жолын кесу мақсатында 3-9 маусым аралығында республикалық «Заңсыз келуші-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның бірінші күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 138 шетел азаматы анықталды. Оның ішінде ҚР заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін республика аумағында жүрген 44 тұлға, сондай-ақ, заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам кезеңінде кетуден жалтарған 45 тұлға және визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмай немесе өз бетінше жұмысқа орналасу үшін анықтаманы не рұқсаттарды алмастан республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асырған 46 тұлға ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша 46 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Одан басқа, құқық бұзған 4 шетелдік азаматтық іс жүргізу және әкімшілік тәртібімен ҚР аумағынан шығарылды.

Дайындаған Ләззат КАРАЖАНОВА 

5 маусым, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.