Атырау, 22 қыркүйек 04:12
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Атырау қаласы мәслихатына жаңа төраға сайланды

776 просмотра

Атырау қаласының Мәслихат төрағасы болып Бейбіт Темірбекұлы МЫРЗАҒАЛИЕВ сайланды.

Мырзағалиев Бейбіт Темірбекұлы 1984 жылы қарашаның 9 жұлдызында дүниеге келді. 1991-2002 жылдары Новобогат орта мектебінде білім алып, 2002-2006 жылдары Х. Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінде жоғары білім алып, тарих және география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінде тарих-география пәнінің оқытушысы болып бастаған.

2008-2018 жылдары аралығында түрлі басшылық лауазымдарда қызмет етті.

Атап айтқанда, «Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары,
Аққыстау орта мектебінің директоры,
Исатай аудандық білім бөлімінің басшысы, Исатай ауданы әкімінің орынбасары болды.

2020 жылдан бастап күні бүгінге дейін «Amanat» партиясы Атырау қалалық филиалының төрағасы, осы партияның Атырау облыстық филиалының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Атырау қаласы мәслихатының 7, 8 шақырылым депутаты, фракция жетекшісі. Атырау облыстық Саяси кеңесі мүшесі.

2014, 2021, 2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хаты», 2022 жылы «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төс белгісімен марапатталды. 2021 жылы Атырау қаласы бойынша «Жыл депутаты» номинациясының иегері.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 маусым, 08:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.