Атырау, 24 қараша 06:29
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Азық-түлік кезегінде тұрған екі әйел жанжалдасып қалған

993 просмотра
Көрнекі сурет

Атырау облысы Жылыой аудандық сотында гуманитарлық көмек кезегінде тұрған Құлсары қаласының екі тұрғыны арасында жанжал шығып, бірі екіншісін итеріп жібергені туралы істі қарады.

2024 жылдың мамыр айында Құлсары қаласындағы «Нақыш» ғимаратында гуманитарлық көмек, яғни азық-түлік беру-алу кезінде азаматшалар Т. мен Д. сөзге келіспей қалып, Д. жәбірленуші Т.-ны итеріп құлатып, нәтижесінде жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алған. Сотта іс Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігімен (денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қаралды.

Д.-ның әкімшілік құқық бұзушылықты жасаудағы кінәсі сот медициналық сараптама қорытындысымен, бейне-дыбыс жазбасымен, арызбен, түсініктемелермен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және басқа да іс құжаттарымен толықтай дәлелденді.

ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігінің санкциясында 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза көзделген.

Сот медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленуші Т.-ның денсаулығына «жеңіл» дәрежелі зиян келгені анықталған.

Д.-ның әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде оның бұрын әкімшілік жауаптылыққа тартылмағаны, 14 жасар кәмелетке толмаған баласының бары танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сот Д.-ның жеке басын, құқық бұзушылықтың сипатын, жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, ӘҚБтК-тің 829-11-бабының 2-бөлігін қолданумен оған 38 766 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 маусым, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.