Атырау, 19 қараша 16:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Ақтаудағы мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды

650 просмотра

Алматы қаласы прокурорының талап-арызы бойынша Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан, құны 66 млн АҚШ доллары болатын ауданы 134 гектар мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды KAZINFORM.

Мәлім болғандай, талап-арыз Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қоюы нәтижесінде келтірілген залалды өтеу мақсатында берілген.

«2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаев компаниясының меншігіне алынған. 2024 жылдың 26 ақпанында Маңғыстау облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, сот актісі заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.
4 маусым, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.