Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болып Зинуллин Мереке Мұхсиұлы тағайындалды.
М. Зинуллин 1987 жылы Атырау қаласында туған. 2008 жылы Атырау мұнай-газ институтын аяқтап, «Есеп және аудит» мамандығын, 2010 жылы Атырау мұнай-газ институтында «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығын, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық институтынан «Құқықтану» мамандығын алған.
Еңбек жолын 2008 жылдан бастаған. 2011 жылдан мемлекеттік қызметте, Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында бас маман, Жылой ауданы Құлсары қаласы әкімінің орынбасары, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, Атырау облысы құрылыс басқармасының басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
Тағайындалғанға дейін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі құрылыс басқармасының Атырау облысы бойынша аймақтық бөлімшенің жетекші маманы лауазымында жұмыс істеген.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА