Атырау, 5 қазан 16:09
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Барлық жаңалықтар

Басынан ұрған: ақтаулық шекарашы туған күні үшін «жазаланды» ма? Атырауда

Басынан ұрған: ақтаулық шекарашы туған күні үшін «жазаланды» ма?

Атыраудағы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаментінде әскери борышын өтеп жатқан 19 жастағы маңғыстаулық сарбаз Медет АМАНГЕЛДІ медициналық көмекке зәру. Медет 11 шілде күні соққыға жығылған. Содан бері қарай денсаулығы күрт нашарлап кеткен. Бұл туралы Медеттің туыстары15 шілде күні естіген. Олардың айтуынша, әскери бөлімде оларға «Медеттің есі ауысып, ішіне жын кірген» деп хабарлаған. Осы жағдайға байланысты Медеттің туыстары бүгін, 18 шілде күні Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданынан келіп, әскери бөлімнің алдына жиналды. Сурет Бейнежазба 18 шілде 2022, 21:42 1 824 просмотра
Алаяққа қатысты тергеу жүргізілуде Атырауда

Алаяққа қатысты тергеу жүргізілуде

Атырауда 42 жастағы Ақтөбе тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тергеу басталды. Жарнамалық сайттар арқылы ол мұнайлы астананың элиталық кешендеріндегі пәтерлерді «қолжетімді бағамен» жалға беремін деп сендірген. 18 шілде 2022, 18:10 1 090 просмотра
​Әлеуметтік қызметкерлер шипажайда тегін ​демала алады Денсаулық

​Әлеуметтік қызметкерлер шипажайда тегін ​демала алады

Атырауда биыл шілде айынан бастап І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар және мүгедектігі бар балалар мен жеке көмекшілеріне және ілесіп баратын адамдарға 14 күнге санаторий-курорттық жолдама қарастырылған. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ мәлім етті. 18 шілде 2022, 18:00 1 185 просмотра
«Индер-Қарабау» жолын қайта жаңғырту жұмыстары келесі жылы аяқталады Атырауда

«Индер-Қарабау» жолын қайта жаңғырту жұмыстары келесі жылы аяқталады

Облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» тас жолының қалған 87 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары  биыл қарқынды жүруде. Бұл туралы «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының директоры Бекбол МҰҚАШОВ айтты.  Сурет 18 шілде 2022, 17:32 1 086 просмотра
Бұл «сатып алу-сату» емес: Атырауда үздік тауар өндірушілер таңдалды Атырауда

Бұл «сатып алу-сату» емес: Атырауда үздік тауар өндірушілер таңдалды

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінің өңірлік турына 50-ден астам бизнес субъектілері қатысты. 18 шілде 2022, 16:32 1 235 просмотра
Азаттық, 49 "а" мекенжайындағы түнгі өрт Оқиға

Азаттық, 49 "а" мекенжайындағы түнгі өрт

17 шілде түнгі сағат үш шамасында Азаттық даңғылы, №49 «а» мекен жайындағы пәтерден өрт шықты. Өрт сөндірушілер шақырту орнына жеткенде пәтердің бөлмесінде тұрмыстық заттар мен жиһаздар өртеніп жатқанын анықтады. Сурет 18 шілде 2022, 15:06 1 397 просмотра
Сатыбалдыұлы мен Боранбаевтың істері: жаңа мәлімет айтылды Қазақстанда

Сатыбалдыұлы мен Боранбаевтың істері: жаңа мәлімет айтылды

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия өкілдері Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды, Қайрат Боранбаев және "ӨКМ операторы" ісіне қатысты кейбір мәліметті айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 18 шілде 2022, 10:24 975 просмотра
Ереже бұзып, ажалға себеп болды Оқиға

Ереже бұзып, ажалға себеп болды

15 шілдеде сағат 14:30 шамасында Атырау қаласы Жұлдыз ы/а көше қиылыстарының бірінде Reno Duster автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан басты жолға шыққан кезде басты жолда келе жатқан ВАЗ-21099 автокөлігіне жол бермей, соқтығысты. Салдарынан Ваз-21099 автокөлігінің 46 жастағы жолаушысы ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды. 16 шілде 2022, 14:23 1 736 просмотра