Атырау, 11 қазан 17:31
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Франция Балқаш бассейнін зерттеуге 1 млн еуро көлемінде грант бөлмек

68 просмотра
Фото: istockphoto.com

Францияның бірқатар компаниялары Қазақстандағы Балқаш бассейнін зерттеуге 1 млн еуродан астам сомаға грант бөлмек. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың осы елге жасаған сапары кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрліктің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, кездесу кезінде Қанат Шарлапаев Балқаш бассейнін зерттеуге 1 млн еуродан астам сомаға грант бөлу туралы СРИМ, «AFD» және «BRGM» арасындағы меморандум жобасын талқылау мақсатында «BRGM» бас директорының орынбасары және ғылыми директоры Кристоф Пуансомен, «AFD» Азия, Таяу Шығыс және Еуропа мемлекеттері бойынша директоры Сириль Бельемен жеке кездескен.

«BRGM» – геология және тау-кен ісі саласындағы зерттеулермен айналысатын француз ұлттық агенттігі. Жұмыстың негізгі бағыттарына пайдалы қазбаларды барлау, су ресурстарын басқару, табиғи қауіп мониторингі және тау-кен өнеркәсібінің тұрақты дамуы кіреді. Француз Даму Агенттігі тобы (AFD) әділ және тұрақты әлемге көшуді қаржыландырады, қолдайды және жеделдетеді. Ол сондай-ақ Францияда және әлемнің 160 елінде 3 600-ден астам жобаны жүзеге асырады. Агенттік Франция мен халықаралық қауымдастық белгілеген Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға белсенді қатысады», - деп жазған министрліктің ресми сайты.
Бүгін, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.