Атырау, 14 қараша 00:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 492.17
€ 522.39
₽ 5.00

Израиль Бейрутке зымыран шабуылын жасады

719 просмотра
Фото: Murat Sengul/Anadolu via Getty Images

Бейрутте Израиль әскерінің бейсенбіде жасаған зымыран шабуылынан кем дегенде 22 адам қаза тауып, жүзден аса адам жарақат алды. Алдыңғы шабуылдардан айырмашылығы, бұл жолы зымырандар қала маңындағы Дахияда емес, Ливан астанасының орталығындағы тығыз қоныстанған Бахура шейіт ауданына ұшырылған, олар тұрғын үй мен аурухана ғимаратына да құлаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ливан ұлттық агенттігінің хабарлауынша, "Нвейри" зымыраны сегіз қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатына, ал "Баста" төрт қабатты ғимаратқа түскен. Шабуыл жергілікті уақыт бойынша кешкі сегізде басталған, бұл уақытта ес астанасының көптеген тұрғыны жұмыстан оралып, үйлерінде немесе үй маңында болған.

Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі жақын маңдағы бес ауруханаға атыс кезінде 117 жараланған адам жеткізілгенін, олардың арасында ауыр жарақат алғандар да бар екенін хабарлады.

Бейрутте тұратын Би-би-си тілшісі Нафизе Конавардың мәлімдеуінше, Израильдің Ливан аумағын бірнеше апта бойы шабуылдағанына қарамастан, бейсенбінің алдында Бейрутте салыстырмалы түрде екі күн тыныш болған. Әдетте азаматтық нысанның ішінде (немесе оған жақын) орналасқан әскери нысандарға соққы жасамас бұрын Израиль әскери күштері тұрғындарға ескерту жасап, эвакуацияға уақыт беретін.

Бейруттегі Би-би-си тілшілерінің хабарлауынша, бұл жолы мұндай ескерту жасалмаған. Израильден қанша зымыран ұшырылғаны әзірге белгісіз. 

11 қазан, 13:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.