Алматы қаласында іс-түссіз жоғалып кеткен Lenovo компаниясының директоры Ермек Жақыпжановтың денесі табылды. Бұл туралы ақпаратты жоғалған азаматтардың іздейтін Lider.kz ұйымы хабарлады. Полиция оның өліміне кінәлі деген күдікпен 24 жастағы жігітті Қарағанды облысында ұстаған, деп хабарлайды kursiv.media.
9 қазанда Жақыпжановтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тарап, Lider.kz еріктілер ұйымы оған іздеу салған. Әзірге белгілі ақпаратқа сүйенсек, ер азамат 9 қазан күні таңғы сағат 07:30 шамасында әдеттегідей жұмысқа шығып кеткен. Ол өзінің Hyundai Genesis болған. Осыдан кейін Жақыпжанов туралы ақпарат болмаған.
Linkedin желісіндегі ақпаратқа сүйенсек, азамат Lenovo компаниясында жұмыс істейді. IPMA жобаларының менеджері болған. Оның артында кәмелеттік жасқа толмаған екі ұлы мен жары қалды.
Lider.kz еріктілерінің айтуынша, 10 қазан күні Жақыпжановты іздеу тоқтатылды.
KursivMedia оқиға туралы Алматы облысы полиция департаментіне хабарласты. Полицияның ақпаратына сүйенсек, 42 жастағы ер адамның денесі Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылында табылған.
Полиция «адам өлтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Тергеу жұмыстары барысында Жақыпжановтың өліміне күдікті 24 жастағы азаматты Қарағанды облысының полициясы ұстап, тергеу изоляторына қамаған. Тергеу жұмыстары жалғасуда.