Оқу-ағарту министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі келесі жылдан бастап Қазақстандағы ірі мектептерде тіс дәрігерінің кабинетін ашпақшы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы оқу-ағарту министрлгінің баспасөз қызметі хабарлады. Ғани Бейсембаевтың шақыруымен Астанадағы мектеп пен балабақшаны аралаған денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балалардың денсаулығына қатысты бірлескен жобалар басталатынын мәлім еткен.
«Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен балалардың денсаулығын нығайту бойынша бірлескен жоба аясында келесі жылдан бастап ірі мектептерде стоматология кабинеттері ашылады», - деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.