Атырау, 22 қараша 13:56
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атырауда бір жыл ішінде қолданыстағы жылжымайтын мүлік бағасы 23,3%-ға өсті

1 135 просмотра

2024 жылғы қыркүйек айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 39 543 мәміле тіркелген, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Оның ішінде жеке үйлер бойынша 9 036 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 30 507 мәміле жасалды. 2024 жылдың тамызымен салыстырғанда (40 832) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,2%-ға азайды.

Мәмілелер саны бойынша Алматы (8 163 – 20,6%) және Астана (6 646 – 16,8%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 989 – 7,6%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 396 мәміле (1%).

Бір жылда (2024 жылғы қыркүйек 2023 жылғы қыркүйекке) пәтерлерді қайта сату бағалары 5%, жаңа тұрғын үйлерді сату 2% өсті. Қолданыстағы пәтер нарығында баға өсімінің лидері – Атырау қаласы (23,3%), Астана қаласы (13,9%), тұрғын үйді жалға алу нарығында – Талдықорған қаласы (24,2%), Петропавл қаласы (23,9%), Өскемен қаласы (22,1%), Шымкент қаласы (22%), Орал қаласы (20,6%).. 



10 қазан, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.