Атырау, 22 қараша 13:39
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Махамбет ауданында апатты үй тұрғындарын көшіру қолға алына бастады

Сурет
1 242 просмотра

Жалпы ауданда екіқабатты 23 үйдің әбден тозығы жетіп, ескіріп тұр. Тек оның бесеуі ғана ресми түрде апатты деп танылған. Енді қалған үйлерді де апатты деп тану үшін жұмыстар жүріп жатқан көрінеді. 

Жуырда Махамбет ауылында апатты деп танылған көппәтерлі Абай көшесі, 169, Қартқожақов, 20 үй тұрғындары жаңа баспанаға ие болуда. Апатты баспанада тұратын тұрғындарға үй сатып алып беру үшін бюджеттен 540 млн теңге бөлінген. Бір үйдің өзі 18 млн теңгеге бағаланған. Сонымен қатар Бейбарыс ауылында бір отбасыға жаңа баспана сатып алынды.

- Сөйтіп Махамбет ауылындағы 30 отбасы жаңа баспананың кілтіне ие болып, қоныстана келді. Сатып алынған пәтерлер жөнделген дайын күйінде табыс етілсе, меншік құқығын растайтын құжаттары қоса берілді. Жалпы болашақта апатты үй тұрғындарын көшіру жалғасын табады деп отырмыз, - дейді Махамбет округі әкімінің орынбасары Алшынбек МҰҚАНҒАЛИЕВАпатты үйлер сүріліп, орындары тазаланып, қажеттілігіне сай басқа мақсатқа қолданылады.

Аудан бойынша апатты үй кезегінде 34 адам  тұр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әкімдік ұсынған суреттер

11 қазан, 02:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.