Атырау, 21 желтоқсан 17:12
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Африкада алмаз өндіреміз деп ақша салған компания қаржы пирамидасы болып шықты

819 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Қазақстандықтар Африкадағы Ангола Респуликасында алмаз өндіреміз деп ақша салған Sax Invest компания қаржы пирамидасы болып шықты. Бұл туралы Курсив Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік ақпаратына сүйенсек, елорда тұрғындары Sax Invest пирамидасына 9 млрд теңге ақша салып үлгерген. Қазір осы факті бойынша агенттік тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Компания азаматтарға салынған қаржыны ай сайын 2-3% көлемінде дивиденд қылып қайтаратынын айтқан.

«Азаматтарға брокерлік қызмет көрсету, бағалы қағаздар нарығындағы сауда және Ангола Республикасында (Африка) алмаз өндіру жобасына инвестициялау бойынша қызметтерді орындауға сендіре отырып, қаражаттарын сенімгерлік басқаруға беру ұсынылған», – делінген агенттік хабарламасында.

Компанияның ресми сайты да болған. Оған кіру үшін азаматтарға сілтеме келіп отырған. Жаңа салымшылар тартқан жағдайда бонус көлемі өседі деп уәде берген. Осы уәдеге сенген 3000-нан астам адам 18 млн АҚШ доллары көлемінде (қазіргі курспен 8,8 млрд теңге) қаржыны компания шотына емес, жеке тұлға шотына аударып үлгерген.

Сәуірде Астана қаласында салымшылардың 158 млн теңге қаржысын кәсіпке айналдыруға пайдаланамыз деген қаржы пирамидасының өкілі 5 жылға бас бостандығынан айырылған. 

11 қазан, 13:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.