Естеріңізге салсақ, 2023 жылы басталған «Жайлы мектеп» жобасы 2025 жылға дейін апатты мектептерді, үш ауысымда оқытуды және оқушылар орны тапшылығын жою мақсатында жасалған. Атырау қаласы мен облыстағы балалар мен ата-аналар тар жерде әрі ыңғайсыз жағдайда ғылым игерудің қиын екенін жақсы біледі.
Облыстық білім басқармасы ұсынған мәліметтерге сүйенсек, биыл Атырау облысында апатты мектептер саны жеті, Атырау қаласында төрт нысанды құрап отыр.
Бірақ жайлы мектептерге оралайық: жобалық жоспарға сәйкес тапсырыс беруші басқа мектептер оны әзірлеуге шығынданбас бұрын бірыңғай жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеп, оны құрылыс салушыларға беруі керек еді. Алайда жұмыс барысында жоспарлар сәл өзгерді. Бір ЖСҚ-ның бүкіл мектепке жарамайтыны анықталды.
«Мектептердің құны жобалық қуатына, сейсмикалық және климаттық ерекшеліктеріне және инфрақұрылымның қолжетімділігіне байланысты әртүрлі», - делінген жауапта.
Сондай-ақ, Атырау қаласы мен облыстың құрылыс жоспарланған кейбір учаскелерінде орталықтандырылған су, жылу, кәріз желілерінің жоқтығы да ескерілді. Сондықтан облысымызда кейбір мектептерге блокты-модульдік қазандықтар, септиктер мен су резервуарларын орнату туралы шешім қабылданды, сәйкесінше бұл құрылыстың құнына да үлесін қосты.
Қазақстандағы жеке жайлы мектептің бағасына оның қай жерде салынғаны да әсер етті. Егер астанада, Алматыда немесе Шымкентте болса, оны қаптау үшін ФЦП бар қасбеттік материал (яғни, ультракүлгін сәулеленуге, температураның өзгеруіне және механикалық әсерге төзімділігі жоғары фиброцемент плиталар) қолданылады. Ал өңірлерде - қаптама кірпіш, линеарлы панельдер, лаймстоун және т.б. пайдаланылады.
Атырау облысы Білім басқармасының басшысы Марат ӘБУОВ «АЖ»-ның келесі сұрақтарына жауап береді.
– Атырауда және облыста жайлы мектептер құрылысына жобалық-сметалық құжаттама қалай әзірленді?
- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру құрылыс компаниясы мен жобалау ұйымы консорциумдарға біріктірілген EPC келісімшарттары механизмі арқылы жүзеге асырылады.
Еліміздегі барлық жайлы 208 мектеп үшін консорциумдармен толық аяқтау туралы келісім-шарт жасалған. Құрылыс компаниясы ретінде консорциум көшбасшысы сапалы жобалау, құрылыс және жабдықтау үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады. Бұл жобалық құжаттаманы әзірлеуге, материалдарды, жиһаздарды, жабдықтарды және т.б. сатып алуға консорциум басшысы өзі жасайды деген сөз. Бұл ретте барлық процесс, сонымен қатар ЖСҚ-ның, материалдардың, тауарлар мен жабдықтардың сапасы, отандық өндіріс материалдарының пайдаланылуы дирекцияның қатаң бақылауында болады.
– Бұған дейін өңірлердегі құрылысы аяқталған мектептер сметалық құнынан шамамен 36 пайызға немесе сметалық құнынан 2,1 миллиард теңгеге артық сатып алынғаны айтылған болатын. Шынымен солай ма?
– Бұл бағаның өсуі емес, болжамды құны болды. Бір оқушы орнына шаққандағы сметалық калькуляция 2022 жылы қарапайым мектептерді салуға кететін шығын негізінде жасалған, өйткені ол кезде жайлы мектептердің дайын жобалары болмады. Яғни, жалпыұлттық жоба аясындағы мектептердің құрылысы мен технологиялық жарақтандырылуына бюджеттік көлем мектеп құрылысының алдын ала құны негізінде айқындалды. Ал бір оқушы орнының нақты құны жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алғаннан кейін анықталады. Бұл тәжірибе кез келген нысан құрылысында қолданылады: құрылыстың соңғы құны қашан да мемлекеттік сараптама нәтижесі бойынша анықталады. Бұл ретте «Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Мемсараптама» РМК-мен бірлесіп, 100 ЖСҚ-ны тексеріп, сараптау барысында мектеп жобалары құнының 16,5%-ға өсуіне жол бермей, 100 млрд-қа жуық бюджет қаражатын үнемдеді. Дирекция мамандары мен мемлекеттік сараптаманың арқасында бюджетке түсетін әлеуетті жүктеме 900 миллиард теңгеден 446 миллиард теңгеге дейін төмендеді.
– Атырау мен облыстағы жайлы мектептер қаншаға сатып алынды?
– «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы МЖӘ тетігі арқылы емес, бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Мектептер пайдалануға берілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың балансына қайтарымсыз беріледі.
– Атырау мен облыста әлі пайдалануға берілмеген жайлы мектептердің құрылысы қай кезеңде жүріп жатыр?
– Атыраудың Водниково ауылында ауысымына 1200 орындық жайлы мектеп салынып жатыр. Нысанда қасбет, абаттандыру, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Атырау қаласындағы «Жұлдыз-2», «Жұлдыз-3», «Ақсай-2» ықшамаудандарында жайлы мектептер салынуда. Әр нысанның қуаты - ауысымына 900 оқушы орыны. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу, шатыр салу, сыртқы инженерлік желілер орнатылуда.
Құрманғазы ауданының Құрманғазы және Ақкөл ауылдарында екі жайлы мектеп (әрқайсысы 600 орындық) салынып жатыр. Бүгінгі таңда монолитті каркас пен қабырға қалау жұмыстары аяқтала келді. Мердігерлер ішкі әрлеу жұмыстарына кірісті.
– Құлсарыда 1200 орындық жайлы мектепті су басты, қазір оның жағдайы қалай?
– Иә, елді мекендегі су тасқыны салдарынан нысанды су басып, жұмыс тоқтатылды. Жағдай тұрақтанған соң техникалық тексеру жүргізіліп, құрылыс жұмыстары жалғасты. Қазіргі уақытта монолитті каркасты орнату және қабырғаларды қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге салсақ, 4 қазанда облыс орталығында екі орта білім ошағы – Алмалы ауылдық округі Береке ауылындағы 1200 орындық №47 және Сарыөзек ықшамауданындағы 300 орындық №46 мектеп ашылды. Осы жылдың соңына дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында тағы үш мектеп пайдалануға беріледі. Бүгінде «кілтпен» тапсырылатын мектептердің құрылысына 2,3 триллион теңге жұмсалады деп жоспарланғаны белгілі. Ranking.kz мәліметінше, 2 мың орындық жайлы мектеп құрылысының құны (2024-2025 жылдардағы бағамен) 10 280,718 миллион теңгені құрайды.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА