Атырау, 29 қаңтар 03:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

Барлық жаңалық

Әуелі көмектесіп, соңынан өлтірді Оқиға

Әуелі көмектесіп, соңынан өлтірді

Қазанның аяғында Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылында жеке үй салынып жатқан жерде пышақ жарақатын алған 31 жастағы жергілікті тұрғынның мүрдесі табылды. Бірнеше күннен кейін жергілікті ЖШС-лердің бірінде жүргізуші боп жұмыс жасайтын 36 жастағы көршісі ұсталды. 10 қараша 2018, 12:14 2 703 рет қаралды
Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы материалдық шығыннан бас тартты Қазақстанда

Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы материалдық шығыннан бас тартты

Бұған дейін жол апатынан қаза болған Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы айыпталушыдан 14 млн теңге талап еткен еді. Астанада жол апатынан көз жұмған Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы айыпталушы Малика Мұхитовадан материалдық шығын өтеу туралы талап-арызды қайтарып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  9 қараша 2018, 16:04 2 300 рет қаралды
«Кішкентай елге» арналған үлкен бал Басқа жаңалықтар

«Кішкентай елге» арналған үлкен бал

7 қарашада Атыраудағы «Салтанат сарайында» «Grand ball» қайырымдылық кеші өтті. Би кешінен түскен 2 миллионға жуық қаржы толығымен өңірдегі аутизмге, психикалық дамуы кешеуілдеген және церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды оңалтумен айналысып жүрген «Атырау Кішкентай ел» қоғамдық бірлестігіне аударылатын болды. Сурет Бейнежазба 9 қараша 2018, 15:59 4 227 рет қаралды
​"Әр таңда бұл ұлы адам - Юрий Пя Кардиохирургия орталығының маңында қар тазалайды" Қазақстанда

​"Әр таңда бұл ұлы адам - Юрий Пя Кардиохирургия орталығының маңында қар тазалайды"

Әлеуметтік желілерде қазақстандық танымал дәрігер әрі кардиохирург Брий Пя аурухана алдында қар тазалайды. Видеоны Facebook желісінде алматылық белгілі белсенді Константин Авершин жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Бейнежазба 9 қараша 2018, 15:24 1 825 рет қаралды
​«Дивали» мерекесінен кейін Үндістандағы экология бұзылды Әлемде

​«Дивали» мерекесінен кейін Үндістандағы экология бұзылды

Үндістандағы «Дивали» діни мейрамынан соң елде экологиялық апатты жағдай қалыптасып, адамдардың өміріне қауіп төнді. Кеше аталып өткен мейрам кезінде тұрғындар отшашуларды аспанға атып, Нью-Делиді түтінге толтырды.  Бейнежазба 9 қараша 2018, 15:11 1 775 рет қаралды
Австрияда "Ресей тыңшысы" ұсталды Әлемде

Австрияда "Ресей тыңшысы" ұсталды

Австрия әскерінің отставкадағы полковнигі Ресей тыңшысы болды деген күдікпен ұсталды. Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Михаэль Бауэрдің хабарлауынша, әскери барлау қызметі жансызды арнайы қызметтің көмегімен анықтаған. Аты аталмаған отставкадағы офицердің үстінен іс қозғалды. 9 қараша 2018, 15:10 1 564 рет қаралды
Ақтөбедегі 52 өзбектің өлімі: айыпталушыларға сот үкімі шықты Қазақстанда

Ақтөбедегі 52 өзбектің өлімі: айыпталушыларға сот үкімі шықты

Қазан қаласына бет алған автобуста 52 өзбек азаматы тірідей жанып кеткен еді. Ақтөбе облысында автобуста 52 адамның өртеніп кетуіне кінәлі тұлғаларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.  9 қараша 2018, 11:19 2 320 рет қаралды
Украина әуе компаниясы Астанаға тікелей рейстерін уақытша тоқтатты Қазақстанда

Украина әуе компаниясы Астанаға тікелей рейстерін уақытша тоқтатты

"Украина халықаралық әуе жолы" компаниясы 2018-2019 жылдарға арналған қысқы ұшу кестесін өзгертіп, Киев-Астана тікелей рейсін тоқтатты. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. 9 қараша 2018, 11:17 1 776 рет қаралды
​Қазақстан экономикасының дамуы 10 пайыздан 4 пайызға төмендеді Қазақстанда

​Қазақстан экономикасының дамуы 10 пайыздан 4 пайызға төмендеді

Қазақстан экономикасының дамуы 10-нан 4 пайызға дейін құлдырады. Астанада баспасөз мәслихатын өткізген Дүниежүзілік банк сарапшылары осындай мәлімдеме жасап отыр.  Бейнежазба 9 қараша 2018, 10:54 1 575 рет қаралды
Сот хроникасы Басқа жаңалықтар

Сот хроникасы

Қызылқоға аудандық соты Б.С.-ға қатысты ҚР ҚК 287-бабының 3-тармағы (Атыс қаруын заңсыз сақтау) бойынша үкім шығарды. Сотта анықталғандай, Қызылқоға АІІБ қызметкерлері Б.С. үйінен Sauer маркалы тіркелмеген аңшы қаруын тауып алған. Б.С.-ның айтуынша, ол әкесінің қаруы екен, ол қайтыс болғаннан кейін қаруды тапсыру немесе қайта тіркету керектігін білмеген. Сотталушыға 1 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды, қару жойылуы тиіс. 9 қараша 2018, 10:46 2 614 рет қаралды
​Дәурен Абаев «Көкжайлау» тау курорты қажет екенін айтты Қазақстанда

​Дәурен Абаев «Көкжайлау» тау курорты қажет екенін айтты

Бүгінгі таңда Қазақстанда тау курортына деген сұраныс артып келеді. «Шымбұлаққа» келушілердің шамадан тыс көбеюі де осыны растайды. «Хабар» телеарнасындағы «Ашық әңгіме» бағдарламасында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осындай пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  9 қараша 2018, 10:39 1 899 рет қаралды
Ақтөбеде білім грантын даулаған студент медициналық университетті сотқа берді Қазақстанда

Ақтөбеде білім грантын даулаған студент медициналық университетті сотқа берді

Өйткені білім беру мекемесі Рүстем Оңғарбаевты тегін оқытуға қарсы болып, сабақа кіргізбей қойған. Ондағылар 19 жастағы жігіттің 122 балмен жеңіп алған мемлекеттік гранты жарамсыз деп отыр. Сол себепті үш айдан бері оқуға қабылдау туралы бұйрық та шығармаған. Бейнежазба 9 қараша 2018, 09:55 2 159 рет қаралды
​АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді Әлемде

​АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді

АҚШ-тың Қаржы министрлігінің өкілдері Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді. Бұл туралы АҚШ Мемлекетітк департаментінің Украина бойынша арнайы өкілі Курт Волкер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.  9 қараша 2018, 09:53 2 933 рет қаралды
ҰҚШҰ төрағалығы Қазақстаннан Қырғызстанға өтті Қазақстанда

ҰҚШҰ төрағалығы Қазақстаннан Қырғызстанға өтті

ҰҚШҰ аясында сыртқы істер министрлері, қорғаныс ведомстволары басшыларының бірлескен отырысы мен өзге де кездесулер енді 2019 жылы өтеді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы төрағалығы Қазақстаннан Қырғызстанға өтті. 9 қараша 2018, 09:50 2 310 рет қаралды
"Астана" соңғы минуттарда Еуропа лигасында жеңіске жетті Қазақстанда

"Астана" соңғы минуттарда Еуропа лигасында жеңіске жетті

"Астана" футболшылары Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі төртінші айналымда чехиялық "Яблонец" командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. К тобының ойыны 8 қарашада кешкісін "Астана Аренада" өтті. Бейнежазба 9 қараша 2018, 09:46 1 774 рет қаралды
Теміртауда баланы қылғындырған тәрбиеші сотталып жатыр Қазақстанда

Теміртауда баланы қылғындырған тәрбиеші сотталып жатыр

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балабақшада баланы ұйықтату үшін қылғындырған тәрбиешіге қатысты іс қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 8 қараша 2018, 17:36 2 231 рет қаралды
Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінде жаңа жобаны қолға алды Қазақстанда

Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінде жаңа жобаны қолға алды

Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінде круиз туризмін дамытады, деп хабарлады РФ мәдениет министрлігі туризм бойынша федералды агенттіктің басшысы Олег Сафонов Петропавлдағы Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумында. 8 қараша 2018, 16:54 2 160 рет қаралды
​«Астрахан-Маңғышлақ» су құбыры: су тарифі бірнеше есе көтерілуі мүмкін Басқа жаңалықтар

​«Астрахан-Маңғышлақ» су құбыры: су тарифі бірнеше есе көтерілуі мүмкін

7 қарашада «Магистралды су таратқыш» ЖШС кеңсесінде осы кәсіпорынның өтінімі бойынша сумен жабдықтау тарифін бекіту туралы қоғамдық тыңдау өтті. «Магистралды су таратқыш» ЖШС 2017 жылдың желтоқсанында «ҚазТрансОйл» мұнай құбыры компаниясының (ҚТО) Батыс филиалы құрамынан бөлініп құрылған. Өткен жаздың басында ҚТО-мен сатып алу-сату туралы шарт жасасқаннан кейін «Магистралды су таратқыш» ЖШС Астрахан-Маңғышлақ су таратқышының толық құқықты қожайынына айналды. Ал қазан айында Табиғи монополияларды реттеу комитетіне қолданыстағы тарифтерден түбегейлі ерекшеленетін тарифтерді бекіту туралы өтінім берді. Комитет өтінімді қарау құқығын Атырау облысындағы өз департаментіне жолдады. 8 қараша 2018, 16:42 3 132 рет қаралды