Атырау, 25 сәуір 09:41
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

А. Сапаров ҚР бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды

2 400 просмотра


Үкіметтің Қаулысымен Айдарбек Сейпiлұлы Сапаров Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі және Ермек Амантайұлы Алпысов Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

 А. Сапаров 1966 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красный ауылында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын (1992 ж.), М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006 ж.) тәмамдаған.

 Еңбек жолын 1984 жылы Калинин атындағы кеңшарда бастаған. Түрлі жылдары жекеменшік секторда жұмыс істеген. 

2003–2006 жж. — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары, директорының бірінші орынбасары. 

2006 ж. — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық инспекциясының басшысы. 

2006–2008 жж. — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі. 2008 жылдың наурыз айынан 2010 жылдың сәуіріне дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі. 

2010 жылдың сәуір айынан 2011 жылдың қыркүйегіне дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары. 2011 жылдың қыркүйегінен қазірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет етті.

Сондай-ақ, Үкіметтің қаулысымен Ермек Амантайұлы Алпысов Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Е. Алпысов 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1993 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық секторда қызмет еткен. 2004-2008 жылдары - Алматы облысының Ақсу ауданы әкімінің орынбасары. 

2008-2012 жылдары - Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары. 2012-2015 жылдары - Талдықорған қаласының әкімі лауазымын атқарған. 

2015 жылдан 2017 жыл аралығында - ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 

2017 жылдан бастап қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.  


 

18 наурыз 2019, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.