Түркия мен Иран алғаш рет күрдтерге қарсы бірлескен әскери операция өткізді.
«Anadolu» ақпарат агенттігінің мәліметінше, наурыз айының 18-і күні Түркия мен Иран Күрдістан жұмысшылар партиясына қарсы бірлескен әскери операция өткізген. Операция түрік-иран шекаралық аудандарында жүзеге асырылған. 2018 жылдың маусым айында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ирак күрдтеріне қарсы әскери операцияның басталғандығын мәлімдеген. Сол уақыттың өзінде Түркия әскери әуе күштері ресми Анкара «террорлық ұйым» деп таныған «Күрдістан жұмысшылар партиясына» тиесілі 14 нысанның көзін жойған.
Дерекккөз: qazaqtimes.com