Атырау, 22 желтоқсан 13:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Еңбек министрі: жалақы жыл сайын көбеюі керек

1 336 рет қаралды


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Бердібек Сапарбаев жыл сайын жалақы кем дегенде инфляция деңгейінде көбейтіліп отыруы керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Келесі мәселе – ең төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көбейту. Қазіргі таңда 184 мың кәсіпорында 958 мың қызметкердің жалақысы өсті. Ендігі міндет – әкімшіліктермен, кәсіподақ, жұмыс берушілермен бірігіп, осы жұмысты жалғастыру. Жалақы жыл сайын ең кем дегенде инфляцияның деңгейінде көбейтілуі керек. Біз енді жаппай қысқартуға жол бермеуіміз керек", - деді Сапарбаев үкіметте еңбек қатынастарын реттеу шаралары қаралған отырыста.

Министр биыл президенттің тапсырмасымен ең төменгі жалақы 42 500 теңгеге дейін көтерілгенін еске салды.

"Қазіргі таңда елімізде орташа жалақы 176 мың теңге (жалдамалы жұмыскерлердің жалақысы – Sputnik) болып есептеледі", - деді ол.

Дереккөз: sputniknews.kz

 

19 наурыз 2019, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.