Атырау облысының Табиғи монополияларды реттеу департаменті мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін тарифтерді төмендету тәжірибесін жалғастыруда. Жақында Құрманғазы ауданындағы Каспий, Шестой, Сафоновка, сондай-ақ, Махамбет ауданының Махамбет, Алға және Ақжайық ауылдарындағы сумен қамту мекемелері монополияға қарсы органның көз қырына ілінді.
Департамент басшысының міндетін атқарушы Наталья ДҮЙСЕМӘЛИЕВАНЫҢ айтуынша, Құрманғазы ауданының Каспий, Шестой ауылдарының тұтынушыларына су беру қызметін көрсететін «Шакупов Ж.» шаруа қожалығы пайдаланған шикізат пен материалдарының негізделген құжаттарын ұсына алмаған. Нәтижесінде тариф бір текше метрге 227,2-ден 194,62 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) - 14,34% төмендетілді. Төмендету 2019 жылғы 1 сәуірден бастап енгізіледі.
Қалған монополистерде («Мұратов», «Ғұмаров» және «Жұбанов» ЖК-де) тарифтер бұрынғы деңгейде қалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ