Атырау, 31 желтоқсан 12:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 502.57
€ 591.68
₽ 6.42

Барлық жаңалық

ҰБТ-ның үшінші күнінде ең жоғары 125 балды 2 оқушы алды Қазақстанда

ҰБТ-ның үшінші күнінде ең жоғары 125 балды 2 оқушы алды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшінші күнінің қорытындысы бойынша ең жоғары 125 балды 2 оқушы алды: олар – БҚО Теректі ауданындағы «Үміт» лингвистика гимназиясының түлегі Сымбат Қуанышқызы Самат және ОҚБ Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі Лаура Әбдіәзімова, деп хабарлайды BNews.kz. 5 маусым 2015, 11:12 2 676 рет қаралды
ҚБТУ деканы қызға айналған студенті жайлы айтып берді Қазақстанда

ҚБТУ деканы қызға айналған студенті жайлы айтып берді

ҚБТУ химиялық инженерия орталығының деканы Ринат Ысқақов Оңтүстік Қазақстан облысының түлектерінің бірінің орнына ҰБТ-2015 тапсырып бергісі келген Аян Жәрдемов жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 5 маусым 2015, 11:19 3 752 рет қаралды
«Subaru» компаниясы Қазақстанда сатылған 400-ден астам автомобильді кері қайтарып алып жатыр Қазақстанда

«Subaru» компаниясы Қазақстанда сатылған 400-ден астам автомобильді кері қайтарып алып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Subaru Kazakhstan» дистрибьюторы Takata Corp компаниясының қауіпсіздік жастықшаларымен жабдықталған 2004-2007 жылғы «Impreza/WRX» модельді көліктерді кері қайтару науқаны басталғанын хабарлады, деп жазады «Астана Моторс» компаниясының ресми сайтында. 5 маусым 2015, 17:08 1 729 рет қаралды
Қазақстан бюджетіне қосымша салмақ түсірмеу үшін босқындарға жұмысқа орналасу мүмкіндігін берген жөн - Б.Дойл Қазақстанда

Қазақстан бюджетіне қосымша салмақ түсірмеу үшін босқындарға жұмысқа орналасу мүмкіндігін берген жөн - Б.Дойл

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бюджетіне қосымша салмақ түсірмеу үшін босқындарға жұмысқа орналасу мүмкіндігін берген жөн. Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесуі алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген БҰҰ-ның Орталық Азиядағы босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өңірлік өкілі Бернард Дойл осылай еді. 5 маусым 2015, 11:06 1 352 рет қаралды
АҚШ Тәжікстанда сайттардың бұғатталуына алаңдаулы Әлемде

АҚШ Тәжікстанда сайттардың бұғатталуына алаңдаулы

АҚШ Тәжікстанда бірнеше сайттың бұғатталуына алаңдаушылық білдірді. АҚШ-тың Душанбедегі елшілігі 4 маусымда жариялаған мәлімдемесінде Душанбені Азаттықтың Тәжік қызметінің орыс және ағылшын тіліндегі сайттарына, Facebook желісі мен басқа да әлеуметтік желілерге және ақпараттық ресурстарға салынған "кез-келген шектеуді" алып тастауға шақырды. 5 маусым 2015, 11:02 1 443 рет қаралды
Пәкістан: Сауд Арабиясына ядролық технология бермейміз Әлемде

Пәкістан: Сауд Арабиясына ядролық технология бермейміз

Пәкістан сыртқы істер министрі Аизаз Ахмад Чаудхри (суретте) Исламабадтың өзінің ядролық қаруы мен оған қатысты технологияны Сауд Арабиясымен бөлісетінін жоққа шығарды. 4 маусымда Вашингтонға сапарында америкалық ресми тұлғалармен кездесуден соң Чаудхри Пәкістанның Сауд Арабиясымен ядролық мәселелерді талқыламайтынын айтып, "Исламабадтың ядролық қаруы тек Пәкістанның қорғанысына қызмет ететінін" мәлімдеді. 5 маусым 2015, 10:59 1 770 рет қаралды
Қыз боп киінген жігіт кім үшін ҰБТ тапсырмақ болғанын білмеген екен Қазақстанда

Қыз боп киінген жігіт кім үшін ҰБТ тапсырмақ болғанын білмеген екен

Қыз болып киіп, тестке кірген жігіт табан асты интернеттің романтигі атанды. 20 жастағы Аян Жәрдемовтың қылығы әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Кейбіреуі оны пайда қуған кәсіпкер десе, енді бірі көйлек киюге дейін барған студентті нағыз Мәжнүнге теңеген. Сөйтсе бұл оқиғаға махаббаттың еш қатысы жоқ екен. Мұны тергеушілерге берген жауабында Аянның өзі айтыпты. Тіпті ол қызды танымайтынын айтқан. Ал емтиханға кір деп әлдебір таныстары өтініш жасаған екен, деп хабарлайды КТК. 5 маусым 2015, 10:44 8 171 рет қаралды
2016 жылдан бастап санитарлық кітапшалар бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы беріледі Қазақстанда

2016 жылдан бастап санитарлық кітапшалар бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы беріледі

2016 жылдан бастап санитарлық кітапшаларды бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы беру қолға алынбақ. Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Бұл туралы аталмыш комитеттің өкілі Марал Рахымжанова мәлімдеді. 5 маусым 2015, 10:49 2 314 рет қаралды
Тасқын су шарықтау шегінде нормадан бір метрге төмен болды Басқа жаңалықтар

Тасқын су шарықтау шегінде нормадан бір метрге төмен болды

Биылғы жылы су тасудың шарықтау шегінде Жайық өзеніндегі су деңгейі нормадан бір метрдей төмен болды. Бұл туралы Жайық-Каспий бассейндік су қорларын пайдалануды реттеу және қорғау инспекциясының басшысы Бисен ҚУАНОВ хабарлады. 4 маусым 2015, 16:45 3 108 рет қаралды
АҚШ: ФИФА экс-шенеунігі пара алғанын мойындаған Әлемде

АҚШ: ФИФА экс-шенеунігі пара алғанын мойындаған

ФИФА атқару комитетінің бұрынғы мүшесі Чак Блейзер екі жыл бұрын АҚШ сотына өзі мен ассоциацияның басқа да бірнеше шенеунігі 1998 және 2010 жылдардағы футболдан әлем чемпионаты өтетін елдерді анықтауға дауыс беруде пара алуға келіскенін айтқан. АҚШ прокуратурасы бұл жайлы 2013 жылдың қарашасында АҚШ федералдық сотында Блейзердің қатысуымен өткен тыңдауда басылған жазбасын жариялады. Блейзер сот тыңдауында өзінің бопсалаушылық және басқа да қылмыстар жасағанын мойындаған. 4 маусым 2015, 13:06 1 492 рет қаралды
Мәскеу: Киев Еуропаға газ тасымалдатуға келісті Әлемде

Мәскеу: Киев Еуропаға газ тасымалдатуға келісті

Киев қыста Еуропаға Ресей газын тасымалдауға қажетті жүйеде қысым болуын қамтамасыз ету үшін өзіндегі жерасты газ сақтау қоймаларына газ құюға келісті деп мәлімдеді Ресей энергетика министрі Александр Новак. 4 маусым 2015, 13:02 1 830 рет қаралды
Назарбаев шетел инвесторларын Қазақстанның агроөндірісін дамытуға шақырды Қазақстанда

Назарбаев шетел инвесторларын Қазақстанның агроөндірісін дамытуға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы шетел инвесторларының 28-ші кеңесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың инвесторларды Қазақстанның агроөндірісін дамытуға шақырды. 4 маусым 2015, 12:57 1 888 рет қаралды
Т. Мұсабаев: Құлаған «Протон-М» зымыран тасығышының келтiрген залалын өтеу дауы ешқашан тоқтамайды Қазақстанда

Т. Мұсабаев: Құлаған «Протон-М» зымыран тасығышының келтiрген залалын өтеу дауы ешқашан тоқтамайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Байқоңырда құлаған «Протон-М» зымыран тасығышының Қазақстан экологиясына келтiрген залалын есептеу бойынша бiрлескен құжат дайындалуда. 4 маусым 2015, 13:01 2 231 рет қаралды
Қамауға алынған ақтөбелік депутаттың ақшасын санауға бес сағат қажет болды Қазақстанда

Қамауға алынған ақтөбелік депутаттың ақшасын санауға бес сағат қажет болды

Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты әрі бірнеше компанияның иесі Мейіржан Өндіргеновтің қамауға алынуы туралы істің жай-жапсары анықталды. Кәсіпкердің бұрынғы серіктесі Бауыржан Пірманов тілшілерге Өндіргеновтің қаржы махинациясы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды "Диапазон". 4 маусым 2015, 12:49 3 361 рет қаралды
Сенат «Бәйтерек» ЗК құру туралы келісімге түзетулерді ратификациялады Қазақстанда

Сенат «Бәйтерек» ЗК құру туралы келісімге түзетулерді ратификациялады

Қазақстан парламенті сенатының депутаттары 2004 жылы 22 желтоқсанда қол қойылған «Бәйтерек» кешенін құру бойынша ҚР пен РФ арасындағы үкіметаралық келісімге енгізілген өзгерістерді ратификациялады. 4 маусым 2015, 12:44 1 231 рет қаралды
Қазақстан бүгін Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтуде Қазақстанда

Қазақстан бүгін Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтуде

1992 жылдың 4 маусымында алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстан президентінің 2007 жылғы жарлығына сәйкес 4 маусым елімізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтілуде. 4 маусым 2015, 12:47 7 702 рет қаралды