Атырау, 16 қазан 13:17
 ашықВ Атырау +12
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Матаевтар ісі бойынша Астана қалалық сотының апелляциялық алқасына 60 өтініш берілді

2 663 просмотра

ҚР Журналистер одағының төрағасы сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әст Матаевтың ісі бойынша Астана қалалық сотының апелляциялық алқасына 60 өтініш берілді, деп хабарлады қорғаушы тарап өкілдері,- деп хабарлады ҚазТАГ.

Барлық 60 өтінішті бірінші сатыдағы басты сот тергеуінде судья негізсіз қабылдамаған. Өтініште заттай айғақтарды зерттеу, «ҚазТАГ» ХАА» ЖШС мен Ұлттық баспасөз клубының құжаттарын іске тарту, қосымша сот-экономикалық сараптамасын өткізу, қылмыстық іс материалында емес, прокурордың портфелінде жатқан қатты дискіні жеткіліксіз дәлел деп тану, біліктілігі жеткіліксіз маман жасаған сараптаманы қабылдамау, куәлерді шақыру және т.б. талаптар бар.

Өтініш адвокаттар Мәдина Бакиева мен Андрей Петровтың атынан берілгендей, Сейтқазы мен Әсет Матаевтың да атынан берілген.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың ісі бойынша аппеляциялық комиссия отырысы 5 желтоқсанға тағайындалды.

Еске салсақ, 3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан журналистер одағының басшысын мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. С. Матаевтың адвокаты бұл үкіммен келіспей оны бұздырмақшы.

Дереккөз: ҚазТАГ

18 қараша 2016, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.