Атырау, 16 қазан 13:08
 ашықВ Атырау +12
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Алматы облысында жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған келіншек кешірім сұрады

1 780 просмотра

Алматы облысында шақалақты әжетханаға тастап кеткен көкек анаға қатысты сот үкімі шықты. Жаңа туған баласынан осылай жабайы түрде құтылмақ болған ол енді бір жарым жыл бостандық көрмейді. 24 жастағы Алтынай Ақжолтаева жазасын енді жалпы тәртіптегі түрмеде өтеуі тиіс,- деп хабарлады КТК телеарнасы.

Жұрттың жағасын ұстатқан жайт Алматы облысындағы Ақши ауылында шілде айында болды. Жүктілігін жасырған бойжеткен нағашы әжесінің үйіне қонаққа келіп, толғағы қысқан соң ауладағы әжетханада босанған. Бірақ шақалақты бауырына баспай, шұңқырға тастаған. Құдай сақтап, Қарлығаш деген есім берілген нәресте аман қалды. Қазір ол қазір балалар үйінде. Ал тергеу кезінде 4 жарым ай темір торда отырған Ақжолтаева өз кінәсін мойындап, өкінгенімен, жазадан құтыла алмады.

Алтынай Ақжолтаева:

- Кешіріңіздер. Бұлай боларын білмедім. Әжетханаға тастағым келмеді. Қызымды өзім тәрбиелегім келеді.

Дереккөз: КТК

18 қараша 2016, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.