Атырау, 16 қазан 13:31
 ашықВ Атырау +12
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Қазақстандықтар алдағы мерекелерде қанша күн демалады?

3 218 просмотра

Қазақстандықтардың желтоқсан айында және Жаңа жылда қанша күн демалатыны белгілі болды, - деп хабарлады Tengrinews.kz сайты "Наша Газета" басылымына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар желтоқсан айында ҚР Тұңғыш Президентінің күні (1 желтоқсан ) мен ҚР Тәуелсіздігі күнін (16, 17 желтоқсан) атап өтеді. ҚР Тұңғыш Президентінің күні бейсенбіге түссе, 16-17 желтоқсан жұма мен сенбі күндеріне түседі. Заңға сәйкес, 17 желтоқсан сенбіден дүйсенбіге, 19 желтоқсанға ауыстырылады.

Ал 31 желтоқсан сенбіге түсіп тұр, сәйкесінше ол күн демалыс болып саналады. Осылайша қазақстандықтар Жаңа жылда 4 күн демалады. 1-2 қаңтар - мереке күндері, сондай-ақ, 3 қаңтар да демалыс болып есептеледі. Себебі 1 қаңтар жексенбіге түсіп тұр, сондықтан да ол күн 3 қаңтарға, яғни дүйсенбіге ауыстырылады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

18 қараша 2016, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.