19 қарашада шамамен таңғы сағат 5-те Атырауда оң жақ жағалауды сумен қамтитын негізгі құбырдан су кетіп, апатты жағдай орын алды.
Біз «Атырау су арнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВҚА хабарластық.
- Апат Белинский көшесінің бойындағы қаланың су тазарту құрылғысының қасында орталық құдықтан жүз метр жердегі 630 мм диаметрлі магистралды құбыр жігінде орын алды, - дейді А. Ташлыков. – Қазір оң жақ жағалауға су сол жақ жағалаудағы шығыршықталған құбыр арқылы берілуде. Қысымның төмен екенін түсінемін, алайда тұрғындардан жөндеу бригадасы апатты жойғанша үш-төрт сағатқа шыдауды өтінемін.
Қазір қаладағы бүкіл көтеру сорғы станциялары мен жылу пункттеріне су дұрыс берілуде. Жерұйық пен Атырау секілді кейбір ықшамаудандарда қысым нашар. Қазір біз су қысымын көтере алмаймыз, бұл жағдайда апат зардаптары күшейе түседі. Сондықтан біз апат салдары жойылғанша жүйені шектеулі төменгі қысымда ұстаймыз.
"Атырау су арнасы" диспетчерлік қызметіндегілер хабарлағандай, апат 20 қарашада сағат 15-те толықтай жойылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ