Атырау, 25 қыркүйек 07:06
 дождьВ Атырау +20
$ 441.89
€ 502.56
₽ 5.19

Қазақстанның бірнеше қаласында қатты аяздан сабақ тоқтатылды

1 794 рет қаралды

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қостанайда бастауын сыныптарға, Қарағанды мен Астанада 1-9 сыныптарға, Өскемен, Семей және Шемонаихада 1-11 сынып оқушыларына, колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылған,- деп хабарлады Азаттық.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, Қазақстанның барлық аймағында аяз күшейген. 19-20 қарашада ауа температурасы кей аймақтарда -30 градусқа дейін және одан да төмендеген.

Қазір бірнеше облыста күннің аяздығынан қала аралық жолдар да жабылған.

Дереккөз: Аzattyq.org

21 қараша 2016, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.